Студенттердің XI Республикалық пәндік олимпиадасының қорытындысы

28-29 наурызда 2019 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде психология бойынша 11- ші Республикалық пәндік олимпиада өтті. Қазақстанның 7 ЖОО нан 24 студент өтініш берді және қатысты: Е.А.Букетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университеті, Тараз Мемлекеттік Педагогикалық Университеті, Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті, Туран Университеті, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, С.Торайғыров атындағы Педагогикалық Мемлекеттік Университеті, Орталық-Азия Академиясы (Қарағанды қаласы).

Қазылар алқа мүшелеріне ЖОО ның профессор-оқытушыларынан беделді мамандар, тәжірибелі психологтар шақырылды. Қазылар алқасының төрайымы - Қайнар Академиясы педагогика және әлеуметтік пәндер, психология кафедрасының меңгерушісі психол.ғ.к, доцент Л.К.Комекбаева.

Олимпиада  4 турдан тұрды:

 

  1. Негізгі психологиялық пәндер бойынша тестілеу
  2. Психологиялық диагностика(психологиялық әдістерді интерпретациялау және талдау)
  3. «Біздің таңдауымыз-психология» тақырыбына видокөрініс конкурсы
  4. Психологиялық викторина «Не? Қайда? Қашан?»

 

Әр турға жоғарғы баға – 100 балл.

 

ЖАЛПЫ НӘТИЖЕЛЕР:

ЖОО

Студенттің

аты-жөні

тур 1

тур 2

тур 3

тур4

Жалпы балл

Орын

1

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті 

Апсамет Айдана 

 

92

96,5

89

75

352,5

1

2

Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті 

Давлетова Аружан 

 

66

72,5

82,4

36

256,9

3

3

Е.А.Букетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университеті 

Казиева Даяна 

 

73

86,5

90,4

56

305,9

2

4

Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті

Тулепберген Дана 

 

61

49

89,8

24

223,8

4

5

С.Торайғыров атындағы Педагогикалық Мемлекеттік Университеті

Алиханова Томирис

 

52

74

89,2

26

240,2

3

6

Туран Университеті

Шаблиев Сергей 

 

62

53,75

88

38

241,75

3

7

Орталық-Азия Академиясы(Қарағанды қаласы)

Лавров Антон 

 

72

83,75

85,8

63

304,5

2

 

Сонымен қатар ЖООы төмендегідей номинациялар бойынша ынталандыру мадақтамаларын алды:

  1. «ҮЗДІК ВИДЕОКӨРІНІ ШЕБЕРЛІК» –  Е.А.Букетов атындағы ҚарМУ
  2. «ҮЗДІК ҰЙЫМШЫЛ ТОП» –  С.Торайғыров атындағы ПМУ
  3. «КӨРІНІСТЕГІ БІРЕГЕЙ ИДЕЯЛАРЫ»  – ТарМПУ
  4. «ЖЫЛ ЖАҢАЛЫҒЫ» – Орталық-Азия Академиясы(Қарағанды қаласы)
  5. «КӘСІБИ ЭРУДИЦИЯ» –  әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
  6. «ҮЗДІК ТАПҚЫР ТОП» – Туран университеті

Жеңімпаздар мадақтамалар мен арнайы жүлделермен марапатталды.

29 наурызда 2019 жылы психология бойынша Республикалық пәндік олимпиада қатысушылары үшін Когнитивті нейроғылымы "COGNEURО"  орталығында мастер класс өткізілді. Еліміздің әр жерінен келген ең мықты студенттер мен оқытушылар қазіргі заманғы психофизиологиямен және адамның психикалық күйі (НейроЧат ақпараттық жүйе, Нейрон-Спектр БОС,ЭЭГ және т.б.) мен миды зерттеудегі IT-технологияның ерекшеліктерімен танысуға мүмкіндік алды. Болашақ психологтарды депрессивті күйдің объективті ерекшеліктерін зерттеу, соның ішінде Орталық мамандарының беделді шетелдік мамандармен бірге «21 ғасыр эпидемиясы» немесе депрессияны диагностикалау мүмкіндіктерін зерттеулері ерекше қызықтырды.

 

Қатысқандарыңыз үшін рахмет және 2020 жылғы Олимпиадаға қатысуға шақырамыз!!!

 

Басылым күні :  23.01.2020