«Когнитивті-бихевиоралдық және отбасылық терапия»

Университеттің халықаралық ынтымақтастығын кеңейту мақсатында «Психология» мамандығы бойынша философия және саясаттану факультеті жалпы және этникалық психология кафедрасының шақыруымен философия және психология бойынша PhD докторы, CPsychol, CSci, AFBPsS–BPS (British Psychological Society), HCPC Registered Counselling Psychologist (United Kingdom) Kings college университетінің (Ұлыбританиядағы рейтингі бойынша Оксфорд және Кембридж), сонымен бірге South London and Maudsley NHS Foundation Trust профессоры Зафер Бекирогуллари 15.12.2014 по 29.12.2014 аралығында «Когнитивті-бихевиоралдық және отбасылық терапия» курсы бойынша дәріс оқыды.

Future Academy® негізін қалаушы және басқарушы директор Зафер Бекирогуллари көрсетілген уақытта әл-Фараби атындағы ҚазҰУ философия және саясаттану факультетінде 230 ауд. «Future Academy® Академиялық мақалаларды жариялау және оқыту мүмкіндіктері, Академиялық мақалаларды индекстелген журналдарда жариялау: мүмкіндіктері мен жүзеге асыру».

Доктор Зафер Бекирогуллари клиникалық психология және денсаулық психологиясы, когнитивті-бихевиориалдық терапия аймағындағы жетекші мамандардың бірі, адамның психикалық және соматикалық денсаулығына стресс әсерінің әр түрлі аспектілеріне, сонымен бірге, әр түрлі мамандық өкілдерінің стреске тұрақтылығының жоғарылау факторларына зерттеулер жүргізеді.

Зафер Бекирогуллари мақалалары eISSN: 2301-2218 EJSBS The European Journal of Social & Behavioural Sciences; eISSN: 2301-2358 Peer-Reviewed C-crcs Volume eISSN: 1877-0428; Elsevier Procedia - Social and Behavioral Sciences сияқты Thomson Reuters мәліметтер базасына кіретін жалпы психология және білім беру және денсаулық психологиясы аймағындағы дүниежүзілік халықаралық конференцияларды ұйымдастырушы Future Academy ұйымының негізін қалаушы және басқарушы директоры болып табылады.

Зафер Бекирогуллари – 200 ғылыми жұмыстардың, сонымен бірге монографиялардың, оқулықтар мен халықаралық журналдардағы мақалалардың авторы. Ол Британдық Психологиялық қауымдастықтың, Американдық Психологиялық қауымдастықтың (АРА), Ұлыбританияның денсаулық және кәсіби қамқорлық консулдығының, кеңес беруші психологтардың Еуропалық Ассоциациясының, когнитивтік психотерапияның Халықаралық Ассоциациясының, травмалық стресс туралы оқытудың Еуропалық Қауымдастықтың мүшесі.

   
     

Басылым күні :  20.03.2015