Қазақстанның ғылыми психологиясының 100-жылдығына арналған «Психологиялық ғылым мен тәжірибенің қазіргі кездегі даму үрдістері және болашағы» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясы және Қазақ психология қоғамының I- құрылтай съезі

2017 жылдың 7 желтоқсанында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де Қазақстанның ғылыми психологиясының 100-жылдығына арналған «Психологиялық ғылым мен тәжірибенің қазіргі кездегі даму үрдістері және болашағы» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясы және Қазақ психология қоғамының I- құрылтай съезі өтті.
Конференция мен съезде әлемдік заманауи қазақ психологиясының өзекті теоретикалық, методологиялық, методикалық және ғылыми- тәжірибелік мәселелері талқыланды. Қазақстанның барлық аймақтарының ғалым практик психологтары әсіресе қазіргі таңда қазақстандық психологиялық қоғамдастықтың консолидациясы қажет екенін, кәсіби қарым- қатынасты кеңейту, аралас мамандық иелері мен психологтардың кәсіби және жеке тұлғалық дамуына демеу жасау керектігін алға тартты. Конференцияға алыс және жақын шетел психологтары қатысты.
Іс-шара барысында Қазақстанның, қазақтың атақты психологы, ҚР ғылым және техника саласына Еңбек сіңірген Қайраткері, психология жене педагогика ғылымдарының докторы, ҚазҰУ-ң профессоры, Жарықбаев Құбығұл Бозайұлын салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
Ұйымдастырушы: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің жалпы және қолданбалы психология кафедрасы.

Конференция материалдары

Конференция материалдары. Мұқабасы

Фотоесеп

Басылым күні :  11.12.2017