«Табыска жету мотивациясы және сәтсіздіктен алыстау»

28.11.2017 жылы сағат 12.0-30-да халықаралық қатынастар факультетінің 106 аудиториясында философия және саясаттану факультеті, психология бөлімінің 2 курс студенттерімен «Табыска жету мотивациясы және сәтсіздіктен алыстау» тақырыбында тәрбиелік іс-шара өткізілді.

Ұйымдастырушы жалпы және қолданбалы психология кафедрасының профессоры С.К. Бердібаева.

Тәрбиелік іс-шара «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында өткізілді. Профессор Бердібаева С.Қ. студенттерге табысқа жету мотивациясын ұстанған адамдардың өздері ұйымдастырған әрекеттерінің нәтижесі сөзсіз табысқа әкелеті туралы айта келе, табысқа әкелетін іс-әрекет түрлерін, әдіс-тәсілдерін және табысты болуға мотивациясы мол адамдардың өз іс-әрекетін басқалардың қолдауын, құптауын сезініп, осыған сай іс-әрекеті жағымды эмоцияларға толы болатындығын айтып түсіндірді.

Табысқа ұмтылған адамдардың когнитивті сферасында табысты күту, яғни табысқа жету сенімділігі болатыны туралы студенттермен диалогты пікірлер жүзеге асырылды, табыска жету мотивациясының психологиялық аспектісі жан жақты талданды. Тәрбиелік іс-шара барысында студенттерге табысқа жету мотивациясы жайлы психологиялық мультфильмдер мен видеолар көрсетілді. Психологиялық тәрбиелік іс-шара өте қызықты және мазмұнды өтті.

Басылым күні :  03.12.2017