«Сәттілі этикадағы манипуляция»
21.11.2017 жылы сағат 13.30-да халықаралық қатынастар факультетінің 106 аудиториясында философия және саясаттану факультеті, психология бөлімінің 4 курс студенттерімен «Сәттілі этикадағы манипуляция» тақырыбында тәрбиелік іс-шара өткізілді.
Ұйымдастырушы жалпы және қолданбалы психология кафедрасының профессоры С.К. Бердібаева. Тәрбиелік іс-шара «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында өткізілді.
Профессор Бердібаева С.Қ. студенттерге этика психологиясы және бизнестегі этика психологиясы, нарық заманының жаңа келбеті жаңашыл жастарға қажетті іскер адам психологиясы туралы тәрбиелік мәні жоғары психологиялық іс-шара негізінде адам өміріне аса қажетті этиканың психологиялық аспектілері туралы баяндады.
Сонымен қатар тәрбиелік іс-шараның негізгі бір сұрағы манипуляция туралы баяндалды. Манипуляция- әлеуметтік мәдениеттің ажырамас бөлігі, адам мінез-құлықының бір қызықты түрлерінің бірі болғандықтан манипуляция және манипуляциялық технологияларды сәттілі этикадағы позитивті жақтарының жастарға болашак өмірлерінде кажетті болатындығы жайлы айтылды.
Тәрибелік іс-шарада сәтті этикадағы манипуляциялар туралы психологиялық видеолар көрсетілді, 4 курс студенттері өз ойларын ортаға салды, психологиялық тәрбиелік іс-шара өте қызықты өтті.