«Айналаңды нұрландыр»

21.11.2017 жылы сағат 12.30-да халықаралық қатынастар факультетінің 106 аудиториясында философия және саясаттану факультеті, психология бөлімінің 2 курс студенттерімен «Іскер қатынасты қалай құруға болады?» тақырыбында тәрбиелік іс-шара өткізілді.

Ұйымдастырушы жалпы және қолданбалы психология кафедрасының профессоры С.К. Бердібаева.

Тәрбиелік іс-шара «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында өткізілді. Профессор Бердібаева С.Қ. студенттерге іскер адам психологиясы мен іскерлік қарым-қатынас психологиясы және бизнесте, өмірде іскер қатынастарды қалай құруға болатыны туралы айта келе, нарық заманының жаңашыл жастары, студенттерге тәрбиелік мәні жоғары көптеген қызықты танымдық мәліметтер туралы ой тастады.

Сонымен қатар тәрбиелік іс-шараның негізгі бір сұрағы қарым-қатынас психологиясындағы өзара түсінісулер, тұлғаарарлық қатынастар туралы баяндалды. Іскерлік қарым-қатынас ол ең алдыменен коммуникация, қатынасқа түсушілер үшін аса маңызды, іскерлік қатынастар тек жақсы қылықтар мен жақсы көріну ғана емес, ең бастысы ол сөйлеу мәдениеті, тіпті мәртебесі өте жоғары адамдармен де коммуникацияны сәтт құра алу ептілігін игеру) туралы студенттерге болашак өмірлерінде ас кажет болатыны жайлы айтылды.

Тәрибелік іс-шарада тақырыпқа сай арнайы психологиялық видеолар көрсетіліп, 2 курс студенттері өз ойларын ортаға салып, диалогты бағытта психологиялық тәрбиелік іс-шара өте қызықты және мәнді өтті.

Басылым күні :  27.11.2017