«Айналаңды нұрландыр» жобасының аясында өткізілген тәрбиелік іс-шара. Тақырыбы: «Әскери қызметкерлердің отбасыларымен жұмыс жүргізудің психологиялық ерекшеліктері»
Өткізілу мерзімі – 17 қараша 2017 ж.
Өткізілу уақыты – 11.00-ден 13.00-ге дейін
Өткізілу орны: 25750 ә\б (Боралдай ауылы)
Ұйымдастырушы-модератор: жалпы және қолданбалы психология кафедрасының профессор м.а. – М.П. Кабакова
Қатысушылар: ҚР Қарулы күштері ӘҚҚ әскери бөлімдері Әйелдер кеңесінің төрайымдары
Мақсаты: әскери қызметкерлердің отбасыларымен жұмыс жүргізудің психологиялық ерекшеліктерін айқындау және практикадағы нақты жағдайларды талқылау.
2017 жылдың 17 қарашасында «Айналаңды нұрландыр» жобасының аясында «Әскери қызметкерлердің отбасыларымен жұмыс жүргізудің психологиялық ерекшеліктері» атты тақырыпта семинар-тренинг форматында тәрбиелік іс-шара өткізілді.
Іс-шараға қатысушылар: Әйелдер кеңестерінің төрайымдары немесе басқаша – еліміздің түрлі аймақтарынан келген ҚР Қарулы күштері ӘҚҚ әскери бөлімдері әскерилерінің отбасыларымен жұмыс жасау қызметтерінің басшылары.
Құрылымы бойынша семинар-тренинг үш бөлімге бөлінді: кіріспе, негізгі және қорытынды.
Тренингтің кіріспе бөлімінде семинарға қатысушыларды бойындағы кернеуден арылтуға және олармен сенімді қарым-қатынас орнатуға бағытталған жаттығулар жүргізілді; Әйелдер кеңестерінің төрайымдары өз іс-әрекеттерінде кездесетін мәселелердің негізгі аясы анықталды; сонымен бірге көптеген психологиялық құбылыстарды (аутодеструктивті мінез-құлық, айрықшы қажеттіліктері бар балалар және т.б.) бейнелегенде және белгілегенде ғылыми терминологияны дұрыс пайдалану бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Негізгі бөлімде отбасының күрделі әлеуметтік-психологиялық жүйе ретіндегі сызбасы ұсынылды, оның негізгі жүйеішілік бөліктері көрсетілді. Сызбаға сүйене отырып әрбір жүйеішілік бөлікпен психологиялық жұмыс жүргізудің ерекшеліктері көрсетілді. Сонымен қатар, өмірден алынған нақты жағдайлар талқыланды және аудиторияның сауалдарына жауаптар берілді. Семинардың соңғы бөлімінде қорытындылар жасалды және қатысушылардың өз-өздерін бағалауларын жоғарылатуға арналған жаттығулар берілді. Жалпы семинар интерактивті, іскерлік тәртіпте, бірақ жағымды жағдайда өтті. Соңында профессор м.а. М.П. Кабакова әскерилердің отбасыларымен жұмыс жүргізгенде 2016 жылы 6 желтоқсандағы «2030 жылға дейінгі ҚР-дағы отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамалары» атты негізгі мемлекеттік құжатты ұстану қажеттігін және отбасылармен сауатты, әрі тиімді жұмыстар жүргізу үшін, көмекші мамандықтардың – психологтардың, әлеуметтік педагогтардың және әлеуметтік жұмысшылардың білікті мамандарымен Әйелдері кеңестерінің құрамын бекіту керектігін айтып өтті.
Ұйымдастырушы-модератор: жалпы және қолданбалы психология кафедрасының профессоры м.а. – М.П. Кабакова