Айналыңды нұрландыр «Рухани жанғыру: Латиница графигіне көшу: болашағы және біздің құндылықтар»

09.11.2017 жылы сағат 19.00-де халықаралық қатынастар факультетінің 106 аудиториясында халықаралық қатынастар факультетінің 1 курс магистранттарымен «Рухани жанғыру: Латиница графигіне көшу: болашағы және біздің құндылықтар» тақырыбында тәрбиелік іс-шара семинар өткізілді.

Ұйымдастырушы жалпы және қолданбалы психология кафедрасының профессоры С.К. Бердібаева.

Семинар «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында өткізілді. Профессор Бердібаева С.Қ. өз сөзін Елбасының «Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Мен жыл басындағы халыққа Жолдауымда Қазақстанның үшінші жаңғыруы басталғанын жарияладым» деген кіріспе сөзімен бастады. Біздің еліміз жаңа мақсат рухани жаңғыру көшін бастады, елімізде саяси, экономикалық реформалармен қатар мәдени реформаларда қатты қарқындауда. Осы рухани жаңғыру бағытына біздің әл-Фараби атындағы ҚазҰУ магистранттары да өз үлестерін қосу негізгі міндеттердің бірі екенін профессор көптеген қызықты мысалдар мен мәлімететрмен баяндады.

Уақыт талабына сай латиница графигіне өтудің болашағы зор және асыл ұлы дала құндылықтарын сақтаудың бір негізі екенін түсіну әр азаматтың борышы деп санаймыз деген магситранттар да өз ойларын айтып, интеллектуалды диалог құрылды. Психологиялық тәрбиелік іс-шара өте қызықты және мазмұнды өтті.

Басылым күні :  21.11.2017