Айналыңды нұрландыр «Бизнес-тұлғаның бейнесі»

18.10.2017 жылы сағат 12.30-да халықаралық қатынастар факультетінің 106 аудиториясында философия және саясаттану факультеті, психология бөлімінің 2 курс студенттерімен «Іскер адам имиджі» тақырыбында тәрбиелік іс-шара семинар өткізілді.

Ұйымдастырушы жалпы және қолданбалы психология кафедрасының профессоры С.К. Бердібаева.

Семинар «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында өткізілді. Профессор Бердібаева С.Қ. студенттерге нарық заманының жаңа келбеті жаңашыл жастарға қажетті іскер адам психологиясы мен іскер адамның имиджі туралы тәрбиелік мәні жоғары психологиялық семинар негізінде іскер адамның имиджіне оның тек сырт келбеті ғана емес әрі тұлғалық және кәсіби сапалары туралы және психологиялық аспектілері туралы баяндады. Әрбір іскер адам өзінің позитивті имиджін қалыптастыру үшін мінез-құлықтың белгілі бір моделін таңдайды, өз ісіінң шебері, терең ойлы сіздің әңгімелесуші серігіңіз бола білу сонымен қатар талғаммен киіне білу, сөйлеу мәдениетін игеру барлык жастарға болашак кәсіби дамуда саса кажетті сапалардың бірі екені жайлы айтылды.

Тәрибелік іс-шара іскер адамның имиджі туралы психологиялық видеолар көрсетіліп, 2 курс студенттері өз ойларын отаға салды, психологиялық тәрбиелік іс-шара өте қызықты және мазмұнды өтті.

Басылым күні :  14.11.2017