Айналыңды нұрландыр «Психология успешного человека»

19.10.2017 жылы сағат 19.00-да халықаралық қатынастар факультетінің 106 аудиториясында халыкаралық қатынастар факультетінің 1 курс магистранттарымен «Сәтті адам психологиясы» тақырыбында тәрбиелік іс-шара семинар-тренинг өткізілді.

Ұйымдастырушы жалпы және қолданбалы психология кафедрасының профессоры С.К. Бердібаева.

Семинар «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында өткізілді. Профессор Бердібаева С.Қ. семинар-тренинг барысында психология ғылымындағы сәттілік түсінігі жайлы оның психологиялық аспектілерін түсіндіре отырып, жастарға аса маңызды болып табылатын сұрақтардың бірі сәтті адам ол кім оған калай жетуге болады деген бағыттағы тренинг бағдарламасымен таныстырылды. Топтық тренинг өткізіліп әр магистрант сәтті адамның моделін түсінуге тырысты. Сәтті адам болу әрбір жаңашыл жастың өмірлік кредосы осыған байланысты видеолар көрсетілді және тренинг барысында өз ойларын ортаға салып сәттілікке жетудің психологиялық жолдары талқыланды

Сәтті адам психологиясы туралы тәрбиелік мәні жоғары тренинг семинар өте қызықты өтті және магистранттарды қатты әсер етіп ой салды.

Басылым күні :  14.11.2017