ПРОФЕССОР С.М. ЖАҚЫПОВТЫҢ ҚҰРМЕТІНЕ АРНАЛҒАН «ПСИХОЛОГИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ҚОЛДАНБАЛЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ: БАСТАУДАН ҚАЗІРГІ ТАҢҒА ДЕЙІН» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

2017 жылдың 27 сәуірінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Философия және саясаттану факультетінде атақты қазақстандық психолог және педагог, психология ғылымдарының докторы, профессор С.М. Жақыповтың құрметіне арналған «Психологияның теориялық және қолданбалы мәселелері: бастаудан қазіргі таңға дейін» халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция өтті.

Сатыбалды Мұқатайұлы Жақыпов М.В. Ломоносов атындағы ММУ психология факультетін бітірген. Мәскеуде  кандидаттық және докторлық диссертациясын қорғады. 10 жылдан аса әл-Фараби ат. ҚазҰУ этникалық және педагогикалық психология кафедрасын меңгерді. Қазақстандық ғалым-психологтарды, яғни 9 ғылым докторларын, 50 ғылым кандидаттарын, 5 PһD докторларын және 51 психология магистрін дайындады

Конференцияға Қазақстанның, сонымен бірге алыс және жақын шетелдің 80-нен астам ғалымдары және практик-психологтары, ЖОО оқытушылары, докторанттар, магистранттар мен студенттер қатысты.

Конференцияның жұмысы Философия және саясаттану факультетінің деканы, филос.ғ.д., профессор А.Р. Масалимованың құттықтау сөзімен басталды, пленарлық мәжілістегі барлық баяндаманы мұқият тыңдады. Конференцияда теориялық, қолданбалы және практикалық психологияның өзекті мәселелері туралы баяндамалар оқылды. Пленарлық мәжілісте Қайнар академиясының профессоры, психол.ғ.д., Қазақ психологиялық қоғамының президенті М.Ә. Перленбетов; әл-Фараби ат. ҚазҰУ профессоры, психол.ғ.д., А.М. Ким; әл-Фараби ат. ҚазҰУ профессор, психол.ғ.д., Аймағанбетова О.Х.; Абай ат. ҚазҰПУ доценті, психол.ғ.к. Ү.А. Уақпаева; практик-психологтар: О.В. Игумнова – психология магистрі, Практикалық психология және психотерапия Еуразиялық институтының аккредиттелген супервизор; Ж.Б. Укеева – психология магистрі; сонымен қатар әл-Фараби ат. ҚазҰУ профессор м.а., психол.ғ.к. М.П. Кабакова баяндама жасады.

Атап айтқанда, профессор М.Ә. Перленбетов мемлекет дамуындағы халықтардың психологиялық денсаулық мәселесін көтерді. Профессор А.М. Ким жоғары мектептің қазіргі кездегі оқытушыларының эмоциялық интеллектісінің дамуы туралы айтты. Профессор О.Х. Аймағанбетова қазақ жастарының (студенттік жастар мысалында) діни бағдарлары мен артықшылықтарына әлеуметтік-психологиялық зерттеудің нәтижелерімен бөлісті. Психолог-практиктер психологиялық практиканы лицензиялауқажеттігі, супервизиядан өту туралы айтты.

Конференцияның пленарлық мәжілісі аясында психологиялық ғылым саласында профессор С.М. Жақыпов атындағы студенттер мен магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының I-Республикалық конкурсының қорытындысы бойынша марапаттау болды.

Конкурстың мақсаты көрнекті қазақстандық психолог және педагог  С.М. Жақыповтыңғылыми мұрасын дамыту және көпшілікке таныту, студент жастардың ғылыми әлеуетін белсендендіру, ғылыми-зерттеу жұмыстарға тарту болды.

1 орынды Л.Гумилев ат. ЕҰУ магистранты Е.В. Паевская алды, ол 80 000 теңге және І дәрежелі дипломмен марапатталды.

2 орынды екі студент М.Х. Дулати ат. ТарМУ студенті С. Букешова және ПМПИ (Павлодар) студенті М.П. Кадралиева алды, олар 50 000 теңге және ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

3 орынды алматылық студенттер алды, оларға 20 000 теңге және ІІІ дәрежелі дипломмен әл-Фараби ат. ҚазҰУ студенттері А. Рахимова, А.Н. Бақберген және А.Е.Жексен, Д.М. Абиева, Алматы университетінің студенті Д. Кайдарова марапатталды.

Секциялық отырыс аясында қызықты баяндамалар жасалды, олар: Абай ат. ҚазҰПУ профессоры, психол.ғ.д. О.С. Саңғылбаев, әл-Фараби ат. ҚазҰУ доценті, психол.ғ.к. М.Н. Құнанбаева және Адам биоплазмасын сауықтыру орталығының директоры Т.А. Мауль, сонымен қатар Л.Н. Гумилев ат. ЕҰУ (Астана) 2 курс студенттері А. Садақ және Т. Насихатқызы.

Конференция жұмысының қорытындысында қазақстандық психология ғылымының дамуы үшін міндеттер анықталды.

 
 
 
 
 
 
 

 

 Конференцияны ұйымдастырушылар: жалпы және қолданбалы психология кафедрасы.

Басылым күні :  03.05.2017