«Семь навыков высокоэффективных людей. Мощные инструменты развития личности-Стивен Р. Кови тақырыбында дөңгелек үстел

28.03.2017 жылы сағат 17.00-де халықаралық қатынастар факультетінің 106 аудиториясында  философия және саясаттану факультеті, психология бөлімінің 1 және 3 курс студенттерімен «Семь навыков высокоэффективных людей. Мощные инструменты развития личности-Стивен Р. Кови  тақырыбында  дөңгелек үстел өткізілді.  

Ұйымдастырушы жалпы және қолданбалы психология кафедрасының профессоры С.К. Бердібаева.

Дөңгелек үстел «100 кітап» жобасы аясында өткізілді.   Профессор Бердібаева С.Қ. студенттерге Стивен Р. Ковидің әлемдік бренд болып отырған тұлғалық дамуға негіз болатын «Семь навыков высокоэффективных людей. Мощные инструменты развития личности» атты кітабын таныстырды.

Біріншіден бұл кітап адамның өмірлік мақсатын анықтауға, өзіңді түсінуге және мақсаттарды дұрыс таңдауға көп көмегін беретіні туралы және кітаптағы көптеген қызықты психологиялық технологиялар баяндалды. Адамның өз имиджін өзгертуде осы кітап туралы көптеген мәліметтер студенттерде көптеген ойлар мен пікірлер тудырды.

Дөңгелек үстелде студенттерде өз ойларын ортаға салды. Стивен Р. Кови лидерлік облысында және отбасылық пен ірі кәсіпорындардағы мәселелер бойынша атақты маман болып саналады, Franklin Covey  компаниясы директорлар кеңесінің вице төрағасы, талқыланған осы кітап психолог мамандар үшін аса маңызды еңбектердің бірі болып табылады. Сондықтанда көптеген мазмұнды ойлар мен пікірлер аясында психологиялық тәрбиелік іс-шара өте қызықты және мазмұнды  өтті.

 

Басылым күні :  14.04.2017