«Ұлы дала құндылықтары: Қазақ халқының асыл қазынасы фольклордың этнопсихологиясы»

04.04.2017 жылы сағат 19.00-де Философия және саясаттану  факультетінің № 9 жатаханасында  философия және саясаттану факультеті 1, 2, 3, 4  курс психология бөлімінің студенттерімен  «Ұлы дала құндылықтары:  Қазақ халқының  асыл қазынасы фольклордың этнопсихологиясы» атты тәрбие сағаты өткізілді.

Ұйымдастырушы жалпы және қолданбалы психология кафедрасының профессоры С.К. Бердібаева

Тәрбие сағаты «Айналыңды нұрландыр» жобасы аясында өткізілді.   Профессор Бердібаева С.Қ. студенттерге  ұлы дала құндылықтары болып табылатын   Қазақ халқының  асыл қазынасы фольклордың бір түрі айтыс өнері жайлы  және оның этнопсихологиясы туралы өз зерттеу нәтижелерімен таныстырды.  Айтыс өнерінің этнописхологиясы жайлы зерттеудің тұлғалық дамудағы этноқұндылықтарды дамытаудағы маңыздылығын айтты. Э. Берннің трансактілік анализі негізінде зерттелген ғылыми жұмыстың көптеген қызықты және мазмұнды жақтарын баяндап берді.

Тәрбиелік  сағат  өте қызықты және мазмұнды өтті. Тұлғаның құндылықтарға бағдарлануын қамтыған тәрбиелік іс шара  жоғарғы деңгейде студенттердің диалогымен   үндесіп   өткізілді.

Басылым күні :  14.04.2017