Күнделікті жетістіктің құрамдас бөліктері!

2017 жылдың 7 сәуірде сағат 19.00 -22.00 № 9 жатақханада «Айналаңды нұрландыр» жоба аясында «Күнделікті жетістіктің құрамдас бөліктері!»атты тақырыпта семинар-тренинг түрінде тәрбиелік іс-шара өткізілді.

Семинардың негізгі сұрақтары –естің тиімділігін арттыру, лидерлік қасиеттерді дамыту, өзіндік бағалауды жоғарлату және тайм-менеджмент әдістерін меңгеру болып табылады. Семинарға қатысушыларға есті жақсарту мақсатында мнемотехникалардың әртүрлі жолдары және тайм менеджмент бойынша практикалық тапсырмалар берілді.  Және қатысушылар тапсырмаларды өте сәтті орындады.

Берілген тренингке Философия және саясаттану факультетінің әртүрлі мамандықтарының студенттері, соның ішінде психолог: Кенжебаева Сауле, саясаттанушы –Зекебай Зейнур, дінтанушы- Жолдасбек Ғалымжан, сонымен қатар ҚазҰУ-нің, филология және әлем тілдері факультетінің студенті- Акылжанова Шолпан, Томск университетінің, тарих факультетінің студенті - Мауль Эдуард қатысты.Және осы студенттер арасында М. Эдуард сессияға дайындыққа байланысты өзінің жеке тәжірибесімен бөлісіп, ұсыныстар жасады. Сондай-ақ ол өзі жақсы меңгерген мнематехникалық жолдарды айтып, көрсетіп берді.

Жалпы, топ мүшелеріне тренинг ұнап, жұмыс сәтті және жемісті өтті.

 
 
 

 

Ұйымдастырушы: жалпы және қолданбалы психология кафедрасының профессорының м.а. М.П. Кабакова

Басылым күні :  12.04.2017