«Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында

7.02.2017 жылы сағат 17.00-де халықаралық қатынастар факультетінің 106 аудиториясын да философия және саясаттану факультеті, 1 курс психология бөлімінің студенттерімен «Как стать собственным психотерапевтом» атты семинар тренинг  өткізілді. Ұйымдастырушылар жалпы және қолданбалы психология кафедрасының профессоры С.К. Бердібаева және доцент  А.Т. Камзанова.

Тәрбие сағаты «Айналыңды нұрландыр» жобасы аясында өткізілді.   Профессор Бердібаева С.Қ. және доцент Камзанова А.Т. аудиторияға өзіңе көмектесетін психотерапевтік техникалар туралы көптеген  қызықты технологиялар жайлы ақпарат бере отырып,   өз ойларын ортаға салды. Тренинг барысында  музыкалық тренинг туралы айтылып, практикалық жоспарда 20-минуттық музыкалық тренинг - релаксациялық  техникадан өткізілді. Тренингтен кейін студенттер өздеріне ұнағаны жайлы және тағыда басқа  тренингтер өткізу туралы ұсыныстарын берді.

Семинар-тренинг психологиялық деңгейде, әрі психологиялық демалыс сағаты ретінде жоғарғы дәрежеде  өткізілді, студенттердің практикалық психология бойынша үнемі өздеріне көмектесетін музыкалық тренингті бастарынан өткізіп жақсы әсерлерін баяндады.

 

Басылым күні :  01.03.2017