Студент тұлғасының қалыптасуындағы еңбектің маңызы

17 қазан 2016 ж.

Жалпы және қолданбалы психология кафедрасы «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясындастуденттер қызметіндегі еңбектің рөлін зерттеу мақсатында тәрбиелік іс-шара ұйымдастырды.

Тақырыбы: Студент тұлғасының қалыптасуындағы еңбектің маңызы.

Өткізілетін орны:сағ 10:00- 10:50, 516 ауд., ФМО, әл-Фараби атындағыҚазҰУ

Ұйымдастырушылар: доцент Н.К. Сатыбалдина,  жалпы және қолданбалы психология кафедрасының 3 курс студенттері, орыс бөлімі.

Іс-шараның өткізілу тілі: орысша

Іс-шараның мақсаты:Студент тұлғасын дамытудағы еңбектің, еңбек тәрбиесінің рөлінің тәрбиелік мәнін қарастыру. Қазіргі заманауи жастардың кейде еңбектенуді онша жақсы көрмейтіні, қоғамға пайда жасағаннан гөрі, көбірек пайдалануға ұмтылатыны құпия емес. Осыған байланысты, кәсіби маманның қалыптасуы мен дамуында еңбектің маңызы мен рөлін түсіну тұлғаның адамгершіліктік дамуы үшін өте маңызды орынға ие болады.

 

Басылым күні :  01.03.2017