«Психологиялық шеберліктер: денсаулық сақтау, білім беру, өндіріс» тақырыбында II-ші Республикалық Қысқы психологиялық мектебі

Әл-Фараби ат. ҚазҰУ-да 2017 жылдың 4-6 қаңтарында өткен «Психологиялық шеберліктер: денсаулық сақтау, білім беру, өндіріс» тақырыбында II-ші Республикалық Қысқы психологиялық мектебі өз жұмысын аяқтады.

Мектептің жұмысына білім беру, денсаулық сақтау мекемелерінен, жеке кәсіпорындардан жүзден аса психолог мамандар (ЖОО, мектеп, колледж, балалар бақшасы, орталықтар), сонымен қатар Қазақстанның әртүрлі аймақтарынан (Астана қ., Ақтөбе қ., Қарағанды қ., Шымкент қ., Тараз қ., Алматы қ., Жетісай қ., Оңтүстік-Қазақстан, Жамбыл және Алматы облысы) студенттер, магистранттар, докторанттар, оқытушылар қатысты.

Мектептің мақсаты кәсіби қызметтің әртүрлі салаларындағы психологиялық құзыреттілікті дамыту және арттыру болды.

Қысқы психологиялық мектептің бағдарламасы көп қырлы және мәнді болды.

Ұсынылған шеберлік-кластар мен дәрістер тақырыбы өзектілігімен ерекшеленді:

1)      проф. Мадалиева З.Б. Техники арт-терапии в работе психолога (орыс тілінде) 

2)      проф. Ташимова Ф.С. Психология смысла и проблемы взаимоотношений с другими (орыс тілінде). 

3)      доц. Кудайбергенова С.К. Современные подходы в диагностике и коррекции психических нарушений в детском возрасте (орыс тілінде) 

4)      доц. Камзанова А.Т. Тайм-менеджмент в формате гештальт (орыс тілінде) 

5)      проф. м.а. Кабакова М.П. Психология успешной личности (орыс тілінде) 

6)      аға оқытушы Садыкова А.Т. Профилактика эмоционального выгорания (қазақ және орыс тілінде) 

7)      доц. Болтаева А.М. Психологиядағы эмпирикалық зерттеу мәліметтерін математика-статистикалық өндеу әдістері (қазақ тілінде) 

8)      аға оқытушы Лиясова А.А. Тренинг технологиясының теориялық және практикалық негіздері (қазақ тілінде) 

9)      доц. Кунанбаева М.Н.  Жастар арасындағы экстремизмнің алдын алу психологиялық әдістері (қазақ және орыс тілінде) 

10)  проф. Токсанбаева Н.К. Психодиагностикалық жумыстарды ұйымдастыру және откізу технологиялары (қазақ тілінде) 

11)  доц. Калымбетова Э.К., доц. Баймолдина Л.О. Суицид мәселесі және оның алдын алу жолдары (қазақ тілінде) 

12)  доц. Жолдасова М.К. Арт-терапия (қазақ тілінде) 

Қысқы мектеп тыңдаушыларына келесі тақырыпта шолу дәрістері ұсынылды: 1) Профилактика религиозного экстремизма в молодежной среде (доц. Сейтнур Ж.С.); 2) Практикалық психологиянын қазіргі мәселелері. Современные проблемы практической психологии (проф. Бердибаева С.К.); 3) Психодиагностика предсуицидального синдрома (проф. Аймаганбетова О.Х.).

Мектептің жұмысын бітірген тыңдаушыларға әл-Фараби ат. ҚазҰУ-дың БАжҚББИ мен Философия және саясаттану факультетінің Психологиялық инновация және технология орталығының сертификаты (36 сағат көлемінде) берілді.

2017 - Қысқы психологиялық мектептің бірнеше маңызды ерекшеліктерін атап өткен жөн:

1) барлық тренерлер мен дәріскерлер - әл-Фараби ат. ҚазҰУ-дың жалпы және қолданбалы психология кафедрасының оқытушылары. Қысқы психологиялық мектеп әл-Фараби ат. ҚазҰУ-дың жалпы және қолданбалы психология кафедрасының Қазақстандағы айрықша белгісі болып табылады.

2) Осы жылғы Қысқы психологиялық мектептің қатысушылары қатарында  лауазымды тұлғалар болды: ЖОО проректоры, факультет деканы, балабақша меңгерушілері, жеке компания директорлары және т.б.

3)  Қысқы психологиялық мектепке Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің профессоры, психология ғылымдарының докторы Логинова Наталья Анатольевна қонақ ретінде келді. Қысқы мектеп қатысушыларына оптимизм, шығармашылық табыс, оқуда және жұмыста сәттіліктер тіледі және сонымен қатар психологиялық қауымдастықтардың 2017 жылға жоспарланған маңызды ақпараттарымен бөлісті.

Екінші қысқы психологиялық мектептің жабылу салтанатында қатысушылар ҚПМ ұйымдастырушыларына алғыстарын және Қысқы мектеп өткізу дәстүрін жалғастыру туралы ұсыныстарын айтты, сонымен қатар 2017 жылдың маусымында жоспарланып отырған Жазғы психологиялық мектепке қатысатындарын білдірді.

II-Республикалық Қысқы психологиялық мектептің ұйымдастыру алқасы: жалпы және қолданбалы психология кафедрасы, Философия және саясаттану факультетінің Психологиялық инновация және технология орталығы, әл-Фараби ат. ҚазҰУ-дың Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институты. ҚР психологтарының кәсіби іс-шарасына философия және саясаттану факультетінің деканы, философия ғылымдарының докторы, профессор Масалимова А.Р., жалпы және қолданбалы психология кафедрасының меңгерушісі, психология ғылымдарының докторы, профессор Мадалиева З.Б. өз қолдауларын көрсетті.

Осы іс-шараның ұйымдастырушы-модераторлары және жүргізушілері ретінде жалпы және қолданбалы психология кафедрасының оқытушылары Файзуллина А.К., Кабакова М.П. болды. ҚПМ волонтерлары ретінде «Психология» мамандығының  2 курс студенттері Илимахунова Сурия және Иманкулова Инель болды. 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Басылым күні :  11.01.2017