Шет елге шыққан казақ ғалымдары және шет елдік казак студенттерінің құндылықтары

2016 жылдың 10 желтоқсан күні Философия және саясаттану факультетінің № 9 жатақханасында кешкі 19.00- 20.00  уақыт аралығында магистранттар  мен студенттерге арналған   Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Айналыңды нұрландыр» жобасы аясында ««Шет елге шыққан казақ ғалымдары және шет елдік казак студенттерінің құндылықтары» атты  арнайы тәрбиелік іс-шара  өткізілді. Тәрбиелік іс-шараға факультеттің әлеуметтік педагогика және өзін өзі тану және дінтану мамандықтарының магистранттары мен психология бөлімінің 1 курс және 3 курс студенттері қатысты.

Ұйымдастырушы жалпы және қолданбалы психология кафедрасының профессоры, психология ғылымдарының докторы С.Қ. Бердібаева және жауапты болғандар  кафедраның оқытушылары доцент м.а. Н.М. Садықова және аға оқытушы А.К. Файзуллина.

Тәрбиелік іс-шара жоғарғы деңгейде өткізілді. Профессор С.Қ. Бердібаева өзінің докторанты Ф. Сахиевамен бірлесіп орындалған «Шет елдегі (Германия және Қытай қазақтары) қазақтардың құндылықтарға бағдарлануы атты ғылыми жұмыс бойынша көптеген танымдық қызықты зерттеу нәтижелері туралы айтты. Профессор С.Қ. Бердібаева өзі қатысқан бірнеше конгресстер туралы айтып берді, атап айтқанда 2012 жылы- Оңтүстік Африка Кейптаун қаласында өткен 30-әлемдік психологиялық конгрес, 2016 жылы Стокгольмде өткен Еурополык конгрес, 2013 жылы Сингапур мен Римде өткен конференциялар,  2016 жылы Жапония, Иокогама қаласында болған әлемдік конгресс туралы жастарға  аса қызықты мәлімететр бере отырып  сәттілікке жетудің  бір жолы ғылым екенін баяндады. 

Тәрбиелік іс-шара барысында  барысында  профессор С.Қ. Бердібаева өзі қатысқан жоғарыда айтылған конгресстер туралы слайдтар мен суреттер көрсетілді.

 

Басылым күні :  12.12.2016