Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған тәрбиелік іс-шара

21.12.21 жылы сағат 18.50-де жалпы және қолданбалы психология кафедрасының профессоры Ким А.М. және жалпы және қолданбалы психология кафедрасының аға оқытушысы Оспанова Ш. Т., Психология мамандығының 1 курс докторанттары Полывянная Н., Красмик Ю "Тәуелсіз Қазақстанда үстел теннисі cпортының дамуы" атты Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған тәрбиелік іс-шара өткізілді. Оспанова Ш.Т әлемдегі және Қазақстандағы үстел теннисінің даму тарихы туралы баяндаманы оқыды. Үстел теннисі Олимпиада спорт ойындарына енгізілген. Тәуелсіздік кезеңінен бастап Қазақстанда үстел теннисі өте танымал бола бастады. Көптеген ірі қалаларда барлық халықаралық стандарттарға сай үстел теннисі спорт орталықтары ашылуда. Биыл Токиода өткен олимпиадада біздің спортшылар жаксы орындарға ие болды. Балалар мен жасөспірімдердің спортқа деген қызығушылығын дамыту маңызды. "Жалпы білім беретін мектептердегі үстел теннисі" бағдарламасы бойынша мектептерде үстел теннисін дамытуға көп көңіл бөлінеді, сондай-ақ үстел теннисі Ұлттық Мектеп лигасының бағдарламасына енгізілген.

Профессор Ким А. М.үстел теннисі туралы, оның денсаулық пен эмоционалды тұрақтылыққа пайдасы туралы, Өз тажірибесінен үстел теннистің жаттығулары мен жарыстары туралы қызықты деректерді қосты. Бұл спортпен кез-келген жаста айналысуға болады. Бұл демократиялық спорт, жарыстар жас, гендерлік және салмақ айырмашылықтарын ескерусіз өтеді. онда жасөспірім мен ересек адам, әйел мен ер адам жарыса алады. Үстел теннисі көздің көру, ми жұмысы, есте сақтау, логика, ойлау жылдамдығы және вестибулярлық аппараттың жұмысын жақсартады. Сондай-ақ, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың үстел теннисінен жақсы ойыншы екенін білу қызықты болды.

Докторант Красмик Ю, кәсіби спортшылардың мотивациясын зерттейді, кейбір әдістер туралы айтты.

 

 

Басылым күні :  18.01.2022