«Пандемияның адам психологиясына әсері» ашық тәрбие сағаты

2-курс Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы, ғылыми биология мамандығының студенттері және жалпы және қолданбалы психология кафедрасының PhD докторы Жолдасова М.К. психология ғылымдарының магистрі, аға оқытушы Борбасова Г.Н. ұйымдастыруларымен 2021 жылы ақпан айының 12-ші жұлдызында ашық тәрбие сағаты өтті. Ашық сабақ «Айналаңды нұрландыр» жобасы бойынша 2 тақырыпта өтті.

Тақырыптар:

  1. «Пандемияның адам психологиясына әсері»
  2. «Денсаулық – ауадан аумайды»

1 – топ «Пандемияның адам психологиясына әсері» атты тақырыбын ойдағыдай қорғап шықты. Тақырыпты барынша аша білді. Қатысушыларға COVID-19 вирусы жайлы және одан сақтану шаралары жайлы толық ақпарат берілді. Соның ішінде пандемияның табиғатқа деген биологиялық әсері жайлы да, оның жақсы да, жаман да жақтары жайлы тың ақпараттар айтылды. Сабақ барысында ойтолғаулар, видеомәліметтер көрсетілді және коронавирустан болған пандемияның адамзат баласына және табиғатқа келтірген әсерін 5-ке бөліп көрсетті. Олар: биологиялық, әлеуметтік, экономикалық, психологиялық, экологиялық.

2 – топ студенттері «Денсаулық-ауадан аумайды» тақырыбы аясында өз ойларын еркін білдірді. Денсаулық-адам баласына берілген сый. Осы тақырып төңірегінде студенттер өздерінің білетін мәліметтерімен бөлісіп, денсаулықтың қандай маңызды зат екенін барынша түсіндірді. Денсаулықты сақтау үшін не істеу керек? Денсаулықты қалыптастыратын факторлар сынды көптеген сұрақтарға жауап берді. Әрине, қазіргі біздің заманымыздағы Covid-19 вирусы жөнінде де сөз қозғады. Вирус – адамзаттың өмірін жалпыған алапат дерт екенін айтып өтті. Одан сақтану жолдарын көрсетіп,денсаулыққа күтіммен қарау керек екенін айтты. Іс-шарамыз өте жоғарғы деңгейде өтті!

 

 

 

Басылым күні :  11.05.2021