Табиғатты аялаймыз және қорғаймыз!

2020 жылдың 11 желтоқсанында Zoom онлайн платформасында сағат 16.00 -17.00 аралығында заң факультетінің «Құқықтану» мамандығы бойынша оқитын 101-104 (2) қазақ тобында Green Campus” университеттік жобасы бойынша «Табиғатты аялаймыз және қорғаймыз!» тақырыбында ағылшын тілінде тәрбиелік іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараға осы топтың 14 студенті қатысты. Студенттер бұл тәрбиелік мәні бар іс-шара арқылы өз Отанын құрметтеп, өз үйлерін, қоршаған ортаны, университетімізді ластанудан қорғауға ұмтылып, экологиялық сипаттарды болдырмау салдарын өз бойларына игеруді үйренді.

           Студенттер тақырып бойынша презентация жасады. Жалпы экология ұғымы туралы, Green Campus жобасы туралы өз білімдерін ортаға салды. Осы топтың студенті Алжанова Мерей ағылшын тілінде Green Campus жобасы туралы презентация жасап, оны топтағы студенттерге түсіндіріп берді. Студент Бакулова Бақытгул Экология туралы қызықты деректермен бөлісті. Сонымен қатар, топ стуенті Ақымет Дана өзі тұратын Өскемен қаласының қазіргі экологиялық жағдайы туралы презентация жасап, әңгімелеп берді. Тәрбиелік іс-шара барысында студенттер бір-біріне ағылшын тілінде сұрақтар қойып, оларға жауап берді. Студент Нысанбаев Тоқтар ағылшын тілінде табиғатты қорғау туралы өлең оқыды. Студенттер Ә. Мухамедали, Д. Кенесов; С. Иманғали жалпы әлемдегі және Қазақстан Республикасындағы экологиялық мәселелер бойынша реферат жазып келіп, оны студенттермен бірге талқылады. Осы топтың студенті Турсыналы Сымбат қызықты сұрақтар құрастырып, оларға студенттер жауап берді. Тәрбиелік іс-шараның соңында студент Байтуғанова Аяжан өзі құрастырып келген сөзжұмбақты студенттерге жасырды.

   Жалпы бұл іс-шара жоғары деңгейде өтті. Студенттер Green Campus университеттік жобасы туралы және экологиялық мәселердің шығу салдары мен оларды шешу жолдарын және алдын алу бойынша қандай жұмыстар жасалу керектігін білді. Тәрбиелік іс-шараға студенттер жақсы көңіл-күймен қатысты.

Басылым күні :  15.12.2020