Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік

Еліміз тәуелсіздік бесігінде тербелгеніне 29 жыл болды. Осыдан 29 жыл бұрын, 1991 жылы 16 желтоқсанда бұл мереке жаңа егеменді және тәуелсіз республика - Қазақстанның дүниеге келгенін белгіледі. Осындай қысқа тарихи кезеңде Қазақстан халқы жалпы күш-жігермен демократиялық, құқықтық және экономикалық тәуелсіз мемлекет құра алды.

Тәуелсіздік күні - әрбір қазақстандық үшін маңызды мереке. Бұл біздің ортақ Отанымыздың бостандығы, өркендеуі мен күшінің символы болып саналады.

Қазақстанның Тәуелсіздік күні жастарды патриоттыққа тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады.Сондықтан 2020 жылдың 30 қарашасында ZOOM платформасында, «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында шет тілдер кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ.к. Айсултанова Қ.А. «Тәуелсіздік менің елімнің бақытын тербетеді» тақырыбында тәрбиелік іс-шара өткізілді. Іс-шараны философия және саясаттану факультетінің «Дінтану» мамандығының 1 курс студенттері өткізді. Іс-шараның мақсаты - студенттерге 1986 жылдың желтоқсанында орталықтың авторитарлық-әкімшілік солақай саясатына алғаш рет қарсы шыққан ұл-қыздарымыздың ерліктерін түсіндіре отырып, алаңға жастардың не үшін және қандай мақсатта келгенін түсіндіру. Іс-шара барысында философия және саясаттану факультетінің студенттеріне желтоқсан оқиғалары туралы бейнеролик пен слайдшоу ұсынылды.

 

Басылым күні :  04.12.2020