«Қазақ хандығына 550-жыл» атты студенттердің ІІ республикалық ғылыми-танымдық конференциясы

«Қазақ хандығына 550-жыл» атты студенттердің ІІ республикалық ғылыми-танымдық конференциясына студенттер мен магистранттарды  қатысуға шақырамыз.

Конференция әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 2015 жылдың 17 сәуірінде өтеді.

ҚАРАСТЫРУҒА ҰСЫНЫЛАТЫН ТАҚЫРЫПТАР: 

  1. Жергілікті ономастикалық мәселелер және оларды шешу жолдары.
  2. Тарих қойнауында сақталған топонимикалық атаулар.
  3. Қоғамдағы жарнама тілі және жалқы есімдер: өзекті мәселелері мен жетістіктері.

Қонференцияның жұмыс тілі: қазақ, орыс, ағылшын.

Конференцияға қатысу үшін автор материалдың (көлемі 3 беттен аспауы тиіс) электрондық нұсқасын (Tіmes New Roman шрифті, 14 кегль) жіберуі тиіс.

МАҚАЛАНЫҢ БЕЗЕНДІРІЛУІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:

Мақала атауын ортаға (бас әріптермен, 14 кегльмен)

Мақала авторы (аты-жөні) (12 кегель)

ЖОО атауы, қаласы (12 кегель)

Электронды поштасы (10 кегель)

Ғылыми жетекшісі (12 кегель)

Аннотация: 3-5 сөйлем, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде;

Кілт сөздер: (5 сөзден аспауы тиіс,  курсивпен, 10 кегльмен), қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде; 

Өлшемдер: үсті және асты – 20 мм, сол жағы – 30 мм, оң жағы – 10 мм.

Жоларалық интервал – 1.0

Әдебиеттерді жазу үлгісі:

1. Колесов В.В. Русская ментальность в языке и тексте. – СПб: Петербургское Востоковедение, 2006. С.11.

2. Попова З.Д., Стернин И.А. Когнитивная лингвистика. – М.: АСТ: Восток-Запад, 2007. 

Текст ішінде сілтеменің төмендегідей үлгіде жазылады: [1, 23], 1 – еңбектің аты,      23 – беттің саны [2: 15, 16].

Ұйымдастыру комитеті жарық көретін материалдарды сұрыптап барып жариялайтындығын ескертеді.

Басылым күні :  14.03.2015