Күзгі марафон

         Тұрсалиева Л.А. Орыс тілі және әдебиет мамандығының 1 курс куратор-эдвайзері, 19.11.2021 ж. «Күзгі марафон» тақырыбында викториналық іс-шара өткізді. Викторинаның бірінші жартысында оқушылар командаларға бөлініп, сұрақтар қойып, жауап беріп, бір-бірінің ойларын келісіп, дәлелдесе, екінші жартысында пікірталас басталды. Пікірталас әр түрлі тақырыпта өтті, бірінші талқылаған тақырыбы – күзгі ауа-райы, әр оқушы туған өлкенің табиғатының сұлулығын тамсана әңгімеледі. Одан кейін студенттер Қазақстан экологиясының өзекті мәселелері мен ластануына тоқталды. Екінші талқылау тақырыбы – күзгі егінді жинау, біздің супермаркеттеріміздің сөрелеріндегі көкөністер мен жемістердің қаншалықты қиын еңбекпен келетиндігі талқылады. Өзгенің еңбегін бағалап, құрметтейтіндері көрініп тұрды.

Бұл іс-шараның мақсаты: оқу процесінде алған теориялық білімдерін бекіту және кеңейту. Болашақ кәсіби қызметі туралы ойлар аясын кеңейту.

Оқушылар викторинаға белсенді қатысты. Әр оқушы өз пікірін ашық айтты, пікірталаста белсенділік танытып, тақырыпты қызу талқылады. Викторина қызықты және пайдалы болды.

Басылым күні :  24.11.2021