«О. Сүлейменовтің өмірі мен шығармашылығы»


2021 жылғы 21 мамырда орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы Г.Б. Сабирова «Орыс филологиясы» мамандығының студенттерімен бірге белгілі қазақ ақыны, қоғам және саяси қайраткер Олжас Сүлейменовтің 85 жылдығына арналған кураторлық сағат өткізді.

Кураторлық сағаттың бағыттары: Жаһандану дәуіріндегі тіл мен мәдениет. Қоғамдағы адам. Қазақстан Республикасындағы жастар саясатының өзекті мәселелері. Қазіргі заманғы педагогикалық және ақпараттық технологиялар. Жасыл әлем және жаңа технологиялар. О.Сүлейменовтің шығармашылығы және жастардың планеталық санасы.

Кураторлық сағатта университет оқытушылары, жас ғалымдар мен студенттер құттықтау сөз сөйледі.

15 жылдан астам уақыттан бері университетіміздің студент жастарының құрметті досы Олжас Омарұлының туған күніне орай мәдени-спорттық іс-шаралар өткізу жақсы дәстүрге айналды. Бірақ елдегі қазіргі жағдайға байланысты биыл «Олжас оқулары» онлайн режимінде ұйымдастырылды. Қашықтықтан оқитын студенттер арасында көрнекті ақын шығармаларын әлем тілдерінде мәнерлеп оқуға байқау жарияланды. Кураторлық сағатта осы байқауға қатысқан дарынды студенттер ақынның өлеңдерін оқыды.

 

Басылым күні :  25.05.2021