Технологиялар

2021 жылдың 20 ақпанында “English talking club” аясында ф.ғ.к., доцент Адилбаева У. Б және кафедраның аға оқытушысы Гайипова Г. А жедел дамып келе жатқан технологиялар - ақпараттандыру, студенттерге арналған онлайн-курстар тақырыбында пікірталас ұйымдастырды. Бұл пікірталасқа инстаграмға тіркелген клуб мүшелері және ақпараттық технологиялар факультетінің бірінші курс студенттері қатысты.

Қатысушылар:

Пандемия кезінде онлайн оқыту білім алу сапасын өзгертті ма? деген сұрақтың негізінде басқа да маңызды сұрақтарға жауап беріп өз ойларын айтты.

  1. Бикен Жалғастың пікірі бойынша, менің ойымша КазНУ оқытушылары қашықтықтан оқытуға толықтай дайын екенін көріп жатырмыз. Оқимын деген студент жағдай таңдамайды, технологияны тез игеріп, түсінбеген жерін видеоқоңырау жасап, оқытушыдан сұрап алады. Дегенмен «аудиторияда отырып оқытушымен бетпе-бет жүздескенге жетпейді гой, қашықтықтан оқытудан жалықтық»-дейді.
  2. Ақпараттық технологиялар мамандығының 1 курс студенти Айтжан Бибінің пікірі бойынша, ешқандай сандық технология мұғаліммен тірі сөйлесуді алмастыра алмайды-деп өз пікірін білдірді.

Міне осындай ой пікірлер өте көп айтылды, оның бәрін осы клубымыздың бір күніне сиғыза алмайтын сияқтымыз. Тақырып уақыт мәселесі болған соң пікір талас өте қызықты өтті. Клуб жетекшілері студенттердің пікір таласқа белсенді қатысқандары үшін рахметтерін айтып пікірталасты аяқтады. Осы клуб отырысының нәтижесінде “Түркі әлемі” халықаралық газетінде мақала жарияланды.

 

Басылым күні :  13.05.2021