жасөспірімнің проблемалары

Келесі жоспар бойынша “English talking club” кезектегі отырысы жаңа жыл қарсаңында 2020 жылдың 26-желтоқсанында ұйымдастырылды. Бұл отырысқа әдеттегідей клуб жетекшілері және инстаграмға тіркелген клубтың тұрақты мүшелері КазНУ студенттері, КазҰПУы АТ мамандағы 1 курс студенттері және Кыргыз-Түрік Манас университеті және КазНУдағы Ауганистандан оқып жатқан студенттер қатысты. Клубтың тақырыбы: «Youth problem», қатысқандар саны 51 студент. Клуб жетекшісі Адилбаева У. Б тақырып бойынша жалпы бағыт-бағдар көрсетіп, Гайипова Г. А берілген тақырып бойынша студенттерге лексика-грамматикалық мәселелр бойынша қолдау көрсетті. Бұл тақырып осы күндегі негізгі проблемаларды қамтитын тақырып болғандықтан студенттер белсенді қатысып, төменде берілген сұрақтар төңірегінде талқы болды.

What are the problems of youth?

What is the main problem of the youth today?

How do you solve youth problems?

What is the biggest challenge facing Kazakh youth today?

         Клуб қатысушысы СиБ-2-1 тобының студенти Хабибуллаева Аружан тақырып бойынша презентация көрсетіп, қалған қатысушылар осы проблемаларды шешу жолдарын іздеу туралы өз ойларын ортаға салды. Клубтың жетекшілері осы күнгі клубка қатысқан белсенді студенттерге алғыстарын айтты. Бүгінгі күнде тіркелгендер саны 85. Тіркеліп жатқан студенттер саны күн санап өсіп жатыр.

Басылым күні :  13.05.2021