Бағдарламалау бойынша әлем чемпионатының ширек финалы

2003 жылдан бастап Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің механика-математика факультетінде информатика кафедрасы Қазақстан топтарының арасында АСМ бағдарламалауы бойынша әлем чемпионатының ширек финалын өткізеді. Чемпионатқа республиканың белгілі ЖОО студенттері қатысады. Сонымен қатар, информатика кафедрасы оқушылар мен студенттер арасында MechMat Open, Inform және Аймақтық пәндік олимпиада тәрізді бағдарламалау бойынша олимпиадалар өткізеді.

Информатика кафедрасы 2014 жылдың 8 қарашасында Қазақстан топтарының арасында АСМ бағдарламалауы бойынша әлем чемпионатының ширек финалын өткізді. 

Басылым күні :  25.02.2015