«Green Campus» бағдарламасы аясында «Косметологиялық мақсатта биофармацевтік өнімдерді алу технологиялары» тақырыбында өткізілген ғылыми конференция

9 желтоқсан 2019 жылы Биология және биотехнология факультеті, Биотехнология кафедрасының оқытушылары мен «5В070100 - Биотехнология» мамандығының 4 курс студенттері «Green Campus» бағдарламасы «Косметологиялық мақсатта биофармацевтік өнімдерді алу технологиялары» тақырыбында ғылыми конференция ұйымастырды. Конференцияның мақсаты: студенттердің биофармацевтика бағытында ғылыми - зерттеу жұмыстармен айналысуға қызықтыру, олардың оқу - танымдық, шығармашылық қабілеттерін ашу көзделген.

Конференция барысында студенттер Биофармацевтік препараттар курсы бойынша меңгерген теориялық және практикалық білімдерін көрсете білді, сондай-ақ,   косметологиялық мақсатта биофармацевтік өнімдерді алу технологиялары бойынша ғылыми - зерттеу жобаларын жоспарлау және орындау, алынған нәтижелерді талдау, тиісті теориялық қорытындылар мен тұжырымдар жасауды толық игергендіктерін айқындайтын когнитивті, функционалды және жүйелі құзіреттіліктерін көрсете білді. Студенттер өздерінің және әріптестерінің жасаған ғылыми ізденістерінің нәтижелерін үлкен қызығушылықпен тыңдап, белсенді талқыға салды, ортаға тасталған мәселелердің шешімдерін бірлесе отырып табуға тырысты, әрі өзара тәжірибелермен алмасты.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, биотехнология кафедрасы, 519 ауд., өткізілген уақыт: 13:00 сағ.

Нәтижесінде әділқазылардың шешімімен үздік шыққан топтар мен белсенді қатысқан студенттер тиісті дипломдармен және грамоталармен марапатталды.

 

Дипломдар мен грамоталармен марапатталған студенттер тізімі

 

Студенттердің аты-жөні

топ

Топтың аты

Марапатталу түрі

1

Серікқалиева Т., Сыздық С., Талғатова Г., Темірханова М.

МБТ 16-05

«Fito pro»

I- ші дәрежелі диплом

2

Абдимирова А., Авлай А., Жолболды Ұ., Аманкулова Т., Айдар М.

МБТ 16-03

«Bio cosmetics»

II- ші дәрежелі диплом

3

Шыңғысқан Б., Мақұлбек А., Өміралиева А., Юлдашев Д.

МБТ 16-01

«Beauty lab»

III- ші дәрежелі диплом

4

Санабай А., Саятқызы Н., Орал А., Сәрсен Д.

МБТ 16-04

«НАДФАРМ»

грамота

5

Сайлаубекова Г., Амиргазин Е., Прмаханов А., Хамзахунова А., Тұрсынова Т.

МБТ 16-01-

МБТ 16-05

 

«Mix»

грамота

 

Басылым күні :  15.12.2019