әл-Фараби атындағы ҚазҰУ технопаркінде өткізілген экскурсия

15 қазан 2019 ж. Биотехнология кафедрасы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ технопаркіне экскурсия ұйымастырды.

Экскурсия мақсаты: универитет ғалымдары мен студенттердің инновациялық ғылыми жобаларымен және технологияларымен танысу.

Балама энергия көздерін (жел, күн, геотермалды, биогазды, сутектік және гидроэнергия) айналдыру мен өндірудің тәжірибелік алаңымен танысты.

Сонымен қатар, «жасыл технология» орталығында орналасқан   вируссыз жемістер мен көкөністерді, әсемдік және дәрілік өсімдіктерді, астық тұқымдастарды т.б. өсірудің заманауи агротехникалық әдістерімен танысты. Экскурсия соңында студенттер экскурсоводқа өздерін қызықтырып жүрген сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды.

Өткізілген орын: Алматы қ., әл-Фараби даңғылы 71/16, сағ. 13.00.


Басылым күні :  02.12.2019