әл-Фараби атындағы ҚазҰУ–нің Биология мұражайына саяхат

28 қыркүйек 2018 ж, сағат 15:00.  Биотехнология кафедрасы «Green Campus» бағдарламасы аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ–нің Биология  мұражайына экскурсия ұйымдастырды. Экскурсия мақсаты: студенттерге мәдени-тарихи құндылықтарды насихаттау, моралдық-патриоттық тәрбие беру.  Ұйымдастырушы оқытушылар: б.ғ.к., профессор м.а.  Асрандина  С.Ш.,  б.ғ.д., профессор  Атабаева С.Д., «5В070100 - Биотехнология» мамандығының студенттері.

Экскурсия барысында студенттер мұражай қорын қамтитын териологиялық, орнитологиялық және энтомологиялық бөлімдерді аралап, мұражай қызметкері Джардемалиева Анардың жасаған қызықты әрі тартымды презентациясын тыңдап, Қазақстанның табиғи зоналары мен экожүйелерімен, биотоптардың биоалуантүрлілігімен танысты. Алған мәліметтерді айғақтайтын көрнекі диорамаларды, стендтер мен карталарды қызықтап тамашалады. Өз білімдерін органикалық әлем эволюциясы, жер бетіндегі тіршіліктің пайда болуы мен адам антропологиясының қалыптасуы туралы мәліметтермен толықтырды. Сонымен қатар, табиғатты қорғау және экология мәселесін қызу талқылай отырып, жойылып кеткен немесе сирек кездесетін жануарлар, жойылу қауіпі төнген және эндемик өсімдіктердің түрлері көрсетілген стендтерді қарастырды.  Мұ­ра­­жайдың үлкен залында қойылған Қазақстан және Орта Азия тоғай ормандарының патшасы Тұран жол­барысының (Panthera tigris vigrata Illiger. 1815) экспозициясын тамашалады. Антропогендік факторлардан туындаған глобалды экологиялық катастрофалармен танысып, өз ойларымен бөлісті. Жануарлар мен өсімдіктер әлемінің систематикасына байланысты көптеген  ақпараттар алды. 

 

Басылым күні :  03.12.2018