«Green Campus» бағдарламасы аясында «Алматы қалалық Ботаника бағындағы ағаш өсімдіктерінің фитопатологиялық ауруларға төзімділігін айқындау» тақырыбында өткізілген экскурсия

2017 жылы қарашаның 24 – ші жұлдызында Биология және биотехнология факультеті, Биотехнология кафедрасының оқытушылары мен «5В070100 - Биотехнология» мамандығының 4 курс студенттері «Green Campus» бағдарламасы аясында «Алматы қалалық Ботаника бағындағы ағаш өсімдіктерінің фитопатологиялық  ауруларға төзімділігін айқындау» тақырыбында экскурсия ұйымастырды.

Экскурсияның мақсаты мен міндеттері: фитопатологиялық ауруларға шалдыққан ағаш өсімдіктерін айқындау, бақтағы табиғи және антропогенді факторлардың әсерінен зақымданған және кеуіп қалған, ауруларға төзімділігі бұзылған ағаштар өсетін аймақты белгілеу, осы қолайсыз факторлардың әсер ету дәрежесі мен сипаттамалары бойынша ақпарат жинақтап, олардың негізінде ағаштарды аурулардан емдеу және қорғаудың тиімді  шараларын айқындау.

Студенттер ботаника бығының белгілі бір аудандарында  рекогнациялық, дәлдікпен анықтау әдістерін қолданып мониторинг жұмыстарын жасады. Зерттеулердің негізінде фитопатологияның түрлері мен зақымдану дәрежелері (ағаш діңдерінде зиянкестердің таралуы, саңырауқұлақтардың болуы, шіріктердің, ісіктердің, некроздардың, обрдың және басқа да жарақаттардың болуы, кеуіп қалуы т.б.) айқындалды. Сонымен қатар, патологиялық жағдайдың дамуы мен зақымдану салдарларын болжау, потенциалды экологиялық және экономикалық шығындарды айқындау, өсімдіктерді қорғау шаралары мен шешімдерінің негіздемелері жасалды.

Студенттер фитопатология саласы бойынша алған теориялық және практикалық білімдерін көрсете отырып, зерттеудің өзектілігін, теориялық және практикалық маңыздылығына негіздеме жасауды, ауру түрлерін айқындау мен диагностикалау бойынша игерген білімдері мен дағдыларын, зерттеу жұмыстарын жоспарлау, өз зерттеулері бойынша рефлекция жасау, болжамдар мен гипотезалар құру, қорытындылар мен түйін жасау компетенцияларын толық көрсете білді.  

 

Өткізілетін орын: Алматы қаласы, Ботаника бағы, өткізу күні - 24 қараша   2017 ж. өткізу уақыты: 16:30 сағат.

 

 

 

 

 

Ұйымдастырушы оқытушылар:

б.ғ.к., доцент Асрандина  С.Ш., б.ғ.д., профессор Атабаева С.Д., х.ғ.д., профессор Шоинбекова  С.А., Биотехнология кафедрасының меңгерушісі, б.ғ.к., доцент Кистаубаева А.С.

Басылым күні :  04.12.2017