"Менің болашақ кәсіби мансабым" тақырыбында кәсіби бағдар беру шарасы

2017 жылы ақпанның 16 - шы жұлдызында Биология және биотехнология факультеті, Биотехнология кафедрасы Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми - зерттеу институтының ғылыми қызметкерлерімен бірге "5В070100 - Биотехнология" мамандығының 2 курс студенттеріне арналған  "Менің болашақ кәсіби мансабымтақырыбында кәсіби бағдар беру шарасын өткізді.

         Шараны өткізу мақсаты: студенттерді ҚР ғылыми - зерттеу интитуттарында кәсіби мансапты құру мүмкіндіктерімен таныстыру, кәсіби қызметте табысқа жету мотивациясын дамыту.

Шара барысында студенттер институт құрылымындағы бірқатар зертханалар  (өсімдіктер биотехнологиясы, өсімдіктерді молекулалық – биологиялық талдау, дән сапасы мен биохимиясын анықтау,иммунитет және өсімдіктерді қорғау) мен бөлімдердің: (суарылмайтын егін шаруашылығы, суармалы егіншілік бөлімі, минералдық қоректену және агроэкология, агрохимия, дәнді бұршақты дақылдар, мал азықтық және майлы дақылдар, жүгері тұқым шаруашылығы мен сұрыптау, жемдік дәнді дақылдар культуралары, жаздық бидай селекциясы, дәнді дақылдар) ғылыми қызметкерлерімен кездесіп  ондағы жүргізіліп жатқан ғылыми  жобалармен, олардың инновациялық ғылыми бағыттарымен,   алынған нәтижелері және жетістіктерімен танысты.

  Студенттерді зертхана құрылымымен және ондағы заманауи құрал – жабдықтармен таныстырды. Сондай - ақ,  ізденіс жұмыстарының өзектілігін және практикалық маңыздылығын айқындайтын жетістіктері айтылды. Ғылыми қызметкерлердің (институт директорының орынбасары, а/ш.ғ.к. Бастаубаева Ш.О., а/ш.ғ.д., ҚР ҰҒА Рамазанова С.Б., а/ш.ғ.д. Игорский А.И., а/ш.ғ.к., а.ғ.қ. Баймаганова Г.Ш., б.ғ.к. Ержебаева Р.С., а/ш.ғ.к., а.ғ.қ.  Абекова А.М., к.ғ.қ. Жасақпаев Е.С., к.ғ.қ. Нуркасымова С.Д.,  к.ғ.қ. Буралкеева Б.К.) студенттерге оқыған дәрістерінде өсімдік шаруашылығында маңызды әрі құнды дақылдардың (бидай, жүгері, сұлы, қытай бұршақ, қант қызылшасы т.б.) өнімділігін жоғарлату, ортаның түрлі стрестік факторларына төзімділігін арттыру мақсатында жаңа сорттар мен будандарды шығару мерзімін қықартудың дәстүрлі сұрыптау әдістерімен қатар заманауи биотехнологиялық әдістерді қолданудың ерекшеліктері мен  артықшылықтарын әрі қолдану тиімділігін көрсетті. 

Сонымен қатар, өсімдік шаруашылығындағы маңызды культуралардың (дәнді дақылдар, бұршақ тұқымдастар,  майлы дақылдар) жаңа сорттары мен будандарын алуда,  генетикалық ресурстарды тіркеу және жіктеудің тиімділігін арттыру мақсатында өсімдіктерді сұрыптаудың барлық сатыларында молекулалық маркерлерді ендіру маңыздылығын тілге тиек етті. Сондай - ақ,  ауылшаруашылық культураларын сұрыптауда физиологиялық биохимиялық сапа көрсеткіштерін, өнімділігін,  қолайсыз орта факторларға төзімділігін бағалайтын талдау тесттері мен әдістерін жасау және ендіру мәселелерімен айналысатындарын әңгімелеп берді. Қазақстанның түрлі климаттық жағдайларына бейімделген өнімділігі жоғары мал азықтық майлы дақылдардың, жемдік дәнді дақылдарды өсіру және жаңа сорттар мен линияларды шығару бағытындағы соңғы ғылыми  жетістіктерімен таныстырды.

Шараның екінші бөлімінде студенттерге оқылған дәрістер институттың жылы жайында жалғастырылды. Шараның соңында студенттер институттың мұражайында институт ғалымдарының ғылыми зерттеу жұмыстарының жетістіктерін жан - жақты айқындайтын көптеген қызықты мәліметтермен танысты.

        Өткізілген орын: Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты, Алматы облысы, Карасай ауданы,  п.Алмалыбак, Ерлепесов  к-ш, 1 үй. Өткізілген уақыт: 16:00 сағ. Ұйымдастырушылар: б.ғ.к., доцент Асрандина С.Ш., б.ғ.к., доцент Кистаубаева А.С.,   б.ғ.д., профессор Атабаева С.Д. 

Басылым күні :  02.03.2017