«Қазақ хандығының 550 жылдығы» тақырыбында өткізілген дөңгелек үстел

8 қазан 2015 жылы сағат 15.00 Биология және биотехнология факультеті, Биотехнология кафедрасының «5В070100 - Биотехнология» мамандығының 2 - 4 курс студенттері «Қазақ хандығының 550 жылдығы» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымастырды.

Шараны өткізу мақсаты: студенттердің патриоттық рухын көтеру, еліне-жеріне деген махаббатын арттыру.

2015 жылы Керей мен Жәнібек Шу мен Талас өзендерінің арасындағы аймаққа орналасып, қазақтың туын көкке көтергеніне 550 жыл толуына орай, елімізде бұл оқиғаны мерейтой күндерінің қатарына қосу мен Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтуге арналған іс-шараларды өткізу мәселесі мемлекет деңгейінде қарастырылған. Мемлекет құрылуының мерейтойы ең алдымен азаматтардың патриоттық сезімдерін арттыру мен қазақстандық мемлекеттілікті нығайтуға бағытталып отыр Қазақ хандығының 550 жылдығы Шу алқабында тойланатыны бәрімізге белгілі. Қазақстандық тарихшы-ғалымдардың Мұхамед Хайдар Дулатидің «Тарих-и-Рашиди» еңбегін негізге ала отырып, жан-жақты зерттеу нәтижесінде Қазақ Хандығының құрылған жылы 1465 жыл деген қорытындысы алынды. Көптеген тарихшылардың пікірінше, осы уақыттан бастап Керей мен Жәнібек құрған Қазақ хандығы Еуразия құрлығындағы мемлекетаралық қатынастардың жеке субъектісіне айналды.

Дөңгелек үстел барысында «5В070100 - Биотехнология» мамандығының 2 - 4 курс студенттері: Қазақ мемлекетінің құрылуы және қазақ халқының этникалық құрылымының қалыптасуының аяқталуы;  Қазақ халқының этногенезі; Керей мен Жәнібек хандардың билігінің күшеюі;  сауда мен қолөнердің жандануы; «Қазақ» атауының пайда болуы; Қазақ жерін билеген хандар туралы тарихи деректерге сүйеніп, өзара пікір-талас түрінде қызу  әңгіме өткізді. Студенттер қызықты баяндамалар жасап, әрі тартымды презентациялар мен бейне роликтерді көпшілік назарына салып,  өздерінің отанға деген патриоттық сезімдерін білдіретін әуезді әндер шырқады.

Өткізілген орын: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 412 ауд.,  өткізу уақыты: 15.00. Ұйымдастырушылар: б.ғ.к., доцент Асрандина С.Ш., б.ғ.д., профессор Атабаева С.Д. х.ғ.д., профессор Шоинбекова С.А.

 

   

 

 

Басылым күні :  19.10.2015