XXI ғасырдың жаһандық қатерлері

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 2015 жылдың 25 қарашасында сағат 1500 –де әл-Фараби қітапханасында «XXI ғасырдың жаһандық қатерлері» атты пәнаралық Алғашқы семинар өтті.

 

Қазіргі таңдағы заманауи жаһандық қатарлер мен мәселелер бір-бірімен байланысты және олардың шешімі өркениеттің келешегіне әсер етеді.

Жаһандық қатарлер заманауи адамзаттың әр түрлі салаларының біркелкі дамымауының нәтижесінде, оның табиғатпен және қоршаған ортамен бйланысы, сонымен қатар  қоғамдық-экономикалық, қоғамдық-табиғи, саяси-идеологиялық және басқа адамдармен қарым-қатынасы нәтижесінде пайда болады. Бұл мәселелер барлық адамзатқа және Қазақстан Республикасына да қатысты.

Аталмыш тұрақты семинар әр түрлі мамандарды, ғалымдар мен қоғамдық қызметкерлерді біріктіріп, адамзаттың  жаһандық қатарлерін талқылауға, тұрақты даму саласының БҰҰ-ның мақсаттарыа сәйкес шешім қабылдауға мүмкіндік береді. 

Алғашқы семинар барысында келесі сұрақтар қарастырылды: Қазақстанда климат өзгерісінің заманауи тенденциялары, Аралдың экологиялық мәселелері және антропогенді  қысымның нәтижесінде ихтиофаунаның жағдайы.

Семинарға ҚазҰУ-дың ғалымдары, әр түрлі ғылыми-зерттеу  институттарының  (зоология, генетика, ботаника және т.б.), ЮНЕСКО сарапшылары, Қолданбалы экологияның қазақстандық агенттігінің өкілдері экология және қоршаған ортаны қорғау, тұрақты дамудың мәселелерін  талқылады. 

Басылым күні :  10.12.2015