онлайн семинар «Климат өзгерісінің су ресурстарына әсері»

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің география және табиғатты пайдалану  факультеті 2015 жылдың 5 ақпанында Темпус I-WEB және «Жасыл көпір ұрпақтан-ұрпаққа» жобалары аясында «Климат өзгерісінің су ресурстарына әсері» тақырыбында Халықаралық онлайн семинар өткізді. Онлайн семинарға Лейпциг университетінің  (Германия), әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың,  Х.А. Яссауи атындағы ҚТХУ-дың,  Ш. Уалиханов атындағы КМУ-дың  ғалымдары докторанттар және магистранттар қатысты. Семинарда келесідей өзекті мәселелерге Жер шарындағы климаттың өзгерісі (климаттың өзгерісі бойынша Үкіметаралық эксперттер тобының және басқа эксперттер тобының  мәліметтері негізінде), ҚР, ОАР, Еуропа және басқа мемлекеттерде климаттық көрсеткіштердің  өзгеруінің заманауи үрдісі, ҚР, ОАР, Еуропа және басқа мемлекеттерде болашақта климат өзгерісінің болжамы, Климат өзгерісінің су ресурстарына әсері, Мұздықтар мен өзен ағындарына климат өзгерісінің әсері, Су ресурстары аясында климаттың  өзгерістеріне бейімделудің іс-шаралары мен саясатына байланысты сұрақтар қарастырылды. 

 

Басылым күні :  10.02.2015