MOOCs (Жалпыға Қолжетімді Онлайн Курс)

Курс туралы

21-ші қазаннан бастап, ағылшын тілі бойынша Жалпыға Қолжетімді Онлайн Курс өз жұмысын бастады. Аталған курс ағылшын тілін жете меңгергісі келетін, бәсекеге қабілетті болам дейтін тыңдаушыларға, оқу жетістігін сырттай бақылау тестін тапсыратын, экзаменге дайындалатын студенттерге арналған. Курс материалдары қазақ тілінде берілу себебі мемлекеттік тілде сөйлейтін тыңдаушылардың сұранысын қанағаттандыру үшін арнайы дайындалған. Ағылшын тілі курсын оқытудың негізгі міндеті тыңдаушыларға шетел тілі ақпарат алу көзі, қарым-қатынас жасау құралы ретінде өз ой-пікірін жеткізе білу, өзгені түсіну мақсатында пайдалана білуге қажетті ең негізгі грамматикалық, лексикалық материалдар, оқуға арналған мәтіндер сөдіктерімен, тапсырмаларымен берілді.

КУРС МАҚСАТЫ

Жалпы білім беретін пән ретінде шетел тілін оқытудың негізігі мақсаты жаратылыстану, гуманитарлық және әлеуметтік мамандық саласында оқитын студенттерді ауызекі сөйлесуге,тұрмыста, күнделікті өмірде, мамандығы саласында, кәсіби қарым-қатынас жасауда шетел тілін белсенді қолдана білу дағдыларына үйрету.Грамматика: жиі кездесетін грамматикалық құбылыстардың мағынасын білу. Лексика:сөзжасам модельдерін және көпмағыналы сөздердің контекстегі мағынасын түсіне білу; күнделікті өмірге қатысты сөздер мен сөзтіркестерді білу.

КУРС АВТОРЛАРЫ

Course Staff Image #1

Әділбаева Ұлжалғас Бікенқызы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, филология және әлем тілдері факультеті, шет тілі кафедрасының доцент міндетін атқарушы, филология ғылымдарының кандидаты. 1993 жылдан бастап жоғары оқу орындарында шет тілідерінен сабақ береді. 60 астам ғылыми мақалалар, 8 әдістемелік оқу құралдары, 3 оқу құралы авторы. 1984-1990 Алматы шет тілдері педагогикалық интстутын аяқтаған. 2002 жылы ҚазҰУ филология факультетінде ғылыми диссертация қорғап ғылыми дәрежеге ие болған. 
Біліктікті арттыру курстары: 2015: Великобритания (Лондон). 2002: Франция (Руаян). Жыл сайынғы курстар: Oxford Professional seminars, British Council, Macmillan seminars. TEMPUS (TuCAHEA) жалпы компетенциялар, «Тілдер» бағыты бойынша ғылми жобаға қатысқан. 2013 ж. Цифрлық оқыту ресурстарының (ЦОР) эксперті. 
e-mail: adilbayeva11@gmail.com.

Course Staff Image #2

Гайипова Гулипа Абдырайимовна

Гайипова Гулипа Абдырайимовна «Шет тілдері» факультетінің аға оқытушысы, Гайипова Г. А. 1994 жылы Қазақ мемлекеттік әлем тілдері университетинің ағылшын тілі факультетін бітіріп, ағылшын және орыс тілдері мұғалімі мамандығы бойынша диплом алған. Университет бітіргеннен кейін жолдамамен кәзіргі Қазақ мемлекеттік сәулет құрылыс академясына барып, 1994-2016 жылдар аралығында аталған академяда 23 жыл қызмет жасаған. Кәсібі-бағдарлы және жалпы практикалық ағылшын тіліне арналған 7 оқу әдістемелік құралдардың, 1 мектеп оқушыларына арналған «Knowlege is power» атты оқулықтың, 25 ғылыми, 17 методикалық мақалалардың авторы. Басқа авторлармен 3 оқу әдістемелік құралдардың авторы.
e-mail:gaiipova.gulipa@gmail.com.

Course Staff Image #2

Уразгалиева Светлана Аманжоловна

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология және әлем тілдері факультетінің, шет тілі кафдрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі. 1999 жылдан бастап жоғарғы оқу орындарында шет тілі және кәсіби бағытталған шет тілі пәндерінен сабақ береді. 20 астам ғылыми мақалалар, 7 әдістемелік оқу құралдары, 1 оқу құралының авторы. 1991-1997 жылдары Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін, 2014-2016 жылдары Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің педагогика ғылымдары факультетінде магистратураны аяқтаған. 
Біліктілікті арттыру курстары: 2015ж. Малазия (Куала-Лумпур) Asia Pacific University of Technology and Innovation. Стажировка. Сертификат. Жыл сайынғы курстар: British Council, Macmillan seminars. 
e-mail:sv.urazgaliyeva@gmail.com

Course Staff Image #2

Режеп Ақниет Сералықызы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, филология және әлем тілдері факультеті, шет тілі кафедрасының оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі. 2018 жылы Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінде шетел тілі: екі шет тілі мамандығы бойынша педагогика ғылымдар магистрі дәрежесі берілді. 2011-2015 жылы Абылай хан атындағы қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері универсиетін шетел тілі: екі шет тілі мамандығы бойынша бакалавры академиялық дәрежесін үздік дипломмен бітірді. Жыл сайынғы курстар: British Council, Macmillan seminars. 
e-mail:akniyet.r@mail.ru.

Course Staff Image #2

Джанузакова Аян Алмухановна

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университет, филолгия және әлем тілдері факултеті, шет тілі кафедрасының оқытушысы. 2013-2015 жж. Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде шетел тілі: екі шет тілі мамандығы бойынша педагогика ғылымдар бакалавр дәрежесі берілді. 2006-2008 жж. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде биотехнология мамандығы бойынша биология ғылымдар магистрі дәрежесі берілді. 2002-2004 жж. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде биотехнология мамандығы бойынша биология ғылымдар бакалавр дәрежесі берілді. Жыл сайынғы курстар: British Council, Macmillan seminars. 
e-mail:januzakovaaa@gmail.com.

Басылым күні :  23.10.2019