ӘЛЕМНІҢ ӘБДІЖӘМІЛІ

Ө. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында Қазақстан халық жазушысы, КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері Әбдіжәміл Нүрпейісовтің 95 жылдығына арналған «Әбдіжәміл Нүрпейісов әдеби әлемі» атты шығармашылық кеш өтті.

Әдеби кешке Қазақстанның көрнекті жазушылары Дулат Исабеков, Бексұлтан Нұржеке, Смағұл Елубай, халықаралық Қазақ пен-клубының президенті, белгілі жазушы-журналист Бигелді Ғабдулин, қоғам қайраткері, әдебиет пен мәдениеттің жанашры Бекет Тұрғараев сияқты әдебиет саласының көптеген танымал өкілдері қатысты.Кеш барысында университеттің оқытушылары мен студенттері Әбдіжәміл Нүрпейісовтің шығармалары бойынша өздерін толғандырып жүрген сұрақтарды қойып, жазушының өз аузынан оларға жауап алып, әңгімелерін тыңдады.


Басылым күні :  23.10.2019