“Til - Tatulyk Tiregi”

2019 жылдың 26 қыркүйегінде химия факультетінің акт залында "Шетел тілдері" кафедрасы Экономика және Бизнес Жоғары мектебінің студенттерімен "Тіл – татулық тірегі" атты іс-шара ұйымдастырды (жауапты оқытушы Г.К. Кулжанбекова). Аталған іс-шараның мақсаты әлем жаралғаннан бастап тілдің нағыз достық құралы екенін, бұдан артық құралды ешкім ойлап таппағанын, отанға деген сүйіспеншілік ол ең алдымен Өз тіліңді құрметтеу, ал шетел тілдерін білу жеке тұлғаның мәдениет деңгейінің көрсеткіші болып табылады деген ойды жеткізу болды. Іс-шараға Тәжікстаннан, Виетнамнан, Қытайдан, Өзбекстаннан және Қырғыз елінен келген студенттер қатысты.

Басылым күні :  08.10.2019