“Салауатты өмір салты. Зиянды әдеттер”

10 қараша күні 2017 жылы Экономика және бизнес жоғары мектебінің 1 курс студенттері «Логистика» мамандығы о/б ағылшын тілінде “Дені саудың тәні сау” жобасы аясында “Салауатты өмір салты. Зиянды әдеттер” атты іс-шара жүргізді. Олар ашық сабақ барысында ден-саулық тақырыбында мақал-мәтелдер білімін тексеру үшін топтық ойын ұйымдастырды, жастар арасында темекі шегу, алкоголизм және нашақорлық проблемалары туралы презентацияларды жасады, осындай зиянды әдеттерден арылу үшін қандай алдын алу жолдары бар екенін талқылады және аудиторияға викториналық сұрақтар қойды.  

Сабаққа аға оқытушылар Махажанова Л., Тлеугабылова З., Халенова А. және Бекалаева Ә. қатысты.


Басылым күні :  25.02.2018