«Үштілдік - табысқа жол»

 Филология және әлем тілдері факультетінің шет тілі кафедрасы тілдер апталығы аясында «Үштілдік - табысқа жол» атты іс-шара ұйымдастырды. Іс-шараға 1-курс МКМ тобы студенттері қатысты, іс-шара шетел тілдері кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ.к. Әділбаева Ұ.Б. ұйымдастыруымен өткізілді.

MKM 1 курс студенттері Махметов Сұлтан, Төлегенов Ербулан, Әділ Ерлан бейне презентация жасап, ағылшын тілін өте жақсы білетіндіктерін көрсетті. Спикерлер елдегі үш тілдік саясат жайлы айтып, қазақ тілінің ерекше рөлін атап өтті және елдегі үш тілділікті дамыту саясатына өз пікірлерін білдірді. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты

- бүгінгі қоғамда жастар арасында үштілдік саясатына жәрдемдесу және Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің мысалында үш тілде білім беру табысты жүзеге асырылып жатқандығын көрсету.

- студенттердің ағылшын тілін үйренуге қызығушылығын арттыру.

Within the framework of the week of language at the Faculty of Philology and World Languages, the Department of Foreign Languages ​​organized an event on "Trilingualism - the path to success"

  


Басылым күні :  09.11.2017