«Advancing Skills Towards Professional Excellence»

16 наурыз 2016ж. сағ.16.00, 420 ауд. Тарих, археология және этнология факультетінде «Advancing Skills Towards Professional Excellence» тақырыбына гуманитарлық факультеттердің магистранттары арасында «Айналаңды нурландыр»жобасы аясында конференция өтті. Конференцияның мақсаты ғылыми және кәсіби тақырыптарға магистранттардың шешендік дағдысын дамыту. Конференцияны ұйымдастырушылар шетел тілдері кафедрасының меңгерушісі А.А. Молдағалиева, ф.ғ.к., доцент Г.Т.Окушева және аға оқытушы   З.М. Жанадилова. 

Конференцияға гуманитарлық факультеттердің 1 курс магистранттары қатысты (жалпы саны 30 маг.). 9 магистрант өздерінің презентацияларымен баяндамаларын оқыды.

Баяндама тақырыптарын өздерінің магистрлік диссертацияларымен байланыстырып, ғылыми мүдделерін көрсетеді.  

Конференция соңында барлық баяндамашылар сертификаттармен марапатталды.

Басылым күні :  23.03.2016