«Ecological Problems in the World»

Біз әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, география және табиғатты пайдалану факультетінің «5В060800» - Экология мамандығы бойынша 1 курс, 2 топ, қазақ бөлімі студенттерімен бірігіп 2015 жылдың қараша айының 14-ші жұлдызында «Green Campus: Ecological Problems in the World» тақырыбы бойынша ағылшын тілінде тақырыптық тәрбие сабағын өткіздік. Сабақ барысында «Green Campus» жобасы туралы студенттер ағылшын тілінде әртүрлі мәтіндер оқып, мысалдар келтіріп, өз түсініктерін айтты. Сонымен қатар, олар әлемдегі экологиялық мәселелер туралы баяндама жасап, дайындаған слайдтарын көрсетті және бір-біріне сұрақтар қойып, өз ойларымен бөлісті.

Басылым күні :  18.11.2015