«Jane Eyrе»

3.11.2015. сағ.12.40, 218 дәрісханада ф.ғ.к. Б.Н Ақшалова және аға оқытушы Г.Б. Алмабаеваның 1 курс, логистика мамандығындағы қазақ топтары 100-кітап   бағдарламасы аясында   Шарлотта Бронтенің  «Jane Eyrе» романы бойынша Джейн Эйрдің балалық шағынан қойылым көрсетті.

Бұл іс – шараның мақсаты: Студенттерді мейірімділікке, әр-түрлі жағдайда бір –біріне демеу болуға, сыйластыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

218 дәрісхана қойылымға сай безендірілді. Джейн Эйрдің балалық шағын бейнелейтін  суреттер ілінді және слайд көрсетілді. Қойылым ағылшын тілінде қойылды. Қойылым студенттерге  қатты ұнады. Кеш соңында көрермендер өнер көрсеткен студенттерге алғыстарын білдіріп, ағылшын тілін одан ары шыңдауға тілек білдірді.

Басылым күні :  18.11.2015