"Қазақстанда медицинаның дамуы"

27.10.2015, сағ.13.25. (ауд.№213, ЭжБЖБ факультеті) шетел тілдері кафедрасының аға оқытушылары Тлеугабылова З.А., Алмабаева Г.Б., Калиева А.Ж. "Жаны саудың тәні сау" жобасы аясында "Қазақстанда медицинаның дамуы" тақырыбына ЭжБЖБ факультеті «Экономика», «Менеджмент», «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтарының 1 курс студенттерімен семинар өткізді. Студенттер «Қазақстандағы медициналық білім», «Медициналық сақтандырудың қазіргі заманғы жүйесі», «Егу. Егу мәселелері», «Кардиохирургияның дамуы», «Стоматология», « ҚазҰУ-дағы медициналық орталық» тақырыптарына өз ойларын айтып талқыға салды. Семинар соңында қорытынды жасап қатысушыларға балар мен жасөспірімдердің ұнататын тағамдарына байланысты «ГМҚ: Денсаулыққа қауіпті тағамдар» тақырыбына слайдтар көрсетілді.

Басылым күні :  30.10.2015