«Айналаңды нұрландыр»жобасы

Шет тілдер   кафедрасы 9.10.2015ж. сағ. 14.20-де, ФМО 127 аудиториясында Қалиева А.Ж., Алмабаева Г.Б., Тлеугабылова З.А. «Айналаңды нұрландыр»жобасының аясында «Азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесі» атты дөңгелек стол өткізді. Іс-шараға генетика және молекулярлы биология кафедрасының меңгерушісі, профессор Айташева Зауре Гайнетдиновна және шығыстану факультетінің 1-4 курс студенттері қатысты.

Іс-шара барысында келесі студенттердің дайындаған презентациялары тыңдалды:

1. Хасенова А. «Азиядағы азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесі» (қазақ тілінде) 1 курс, «Шетел филологиясы»

2. Бахтыбыева А. «Оңтүстік және Солтүстік Америкадағы азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесі» (орыс тілінде)

3. Ибрагимова Ф. «Африка еліндегі ашаршылықпен күресу мәселелері» (ағылшын тілінде).

Шығыстану факультетінің «Шетел филологиясы» мамандығының 4 курс студенттері Ережепова Д., Алимова К., Алдиярова М. және Туреханова Н. «Африка-әлемдік ашаршылықтың негізгі полюсі» тақырыбына бейне материал, слайд-шоу және қабырға газетін орындады.

Аталған баяндамалардан кейін сөз арнай шаақырылған мейман, генетика және молекулярлы биология кафедрасының меңгерушісі, профессор Айташева Зауре Гайнетдиновнаға берілді. Профессор өз кезегінде әлемді дәрежедегіазық-түлікпен қамтамасыз ету проблемалары мен оның шешу жолдарының мүмкіндіктеріне тоқталды. Студенттер профессорға өз сұрақтарын қойып пікір алысты.

Іс-шараның келесі бөлігінде 1 курс студенттері Абай Құнанбаевтің өлеңдерін оқыды, Тастанбекова А. Құрманғазының куйін шертіп және қазақтың дәстүрлі биін биледі.

Жауапты оқытушылар: Қалиева А.Ж., Алмабаева Г.Б. Тлеугабылова З.А.


Басылым күні :  19.10.2015