«ҚАБУСНАМА»

23.02.2015 ж. 531 ауд. Гуманитарлық шет тілдер кафедрасының аға оқытушылары Ештаева Н.А., Атабаева Г.К. ұйымдастыруымен Шығыстану факультетінде «Шетел филологиясы », «Аударма ісі», «Тюркология» мамандықтарының1 курс және «Шетел филологиясы » мамандығының 3 курс студенттерінің қатысуымен «100 кітап» тәрбиелік бағдарлама аясында Х ғасырда жазылып, педагогикалық шығармалар алтын қорына енген «ҚАБУСНАМА» мұранамасына арналған дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел барысында студенттер әрбір тарауды талдап, пікірлерімен бөлісіп, сұрақтарға жауап беріп, шығармадан өмірде қажет ақыл-кеңестер алды. Қалмұрзаева Назерке, Сейдалы Гүлназ, Өмірзақова Ләззат, Тәңірберген Айдана, Байтұрсын Айжан, Дүйсенова Динара, Үсентай Мадина және тағы да басқа студенттер белсенді ат салысты.

Басылым күні :  16.10.2015