Факультет тарихы

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ География және табиғатты пайдалану факультеті 1948 жылы ашылды. Ол кезде факультеттің атауы Геология-географиялық деп аталып, геология және география деген екі бөлімнен құралды. 1960 жылы геология бөлімінің жабылуына байланысты факультет атауы География болып өзгертілді.

Факультет құрылған уақыттан бері бес мыңнан астам география саласындағы, атап айтқанда географтарды, метерелогтарды, гидрологтарды, экологтарды, картографтарды, туризм менеджерлерін және тағы да басқа мамандарды дайындады.

Факультеттің одан әрі дамуында Қазақстандағы география ғылымының дамуына үлкен үлес қосқан, еңбегі сіңген географ ғалымдардың ықпалы зор болды. Олардың ішінде профессор В.А.Соколов, профессор М.Ж.Жандаев, профессор Г.Г.Муравлев, доцент З.П.Коженкова, профессор В.И.Коровин, профессор А.В.Чигаркин және т.б. атап айтуға болады.

Факультеттің қазіргі кезге дейінгі даму тарихы оның құрылымының заман талабына сай өзгергенін, сонымен қатар заманауи талаптарға жауап беретін мамандықтардың ашылуын сипаттайды.

Қазіргі уақытта факультет келесі бағыттар бойынша мамандарды дайындайды:

- География;

- Гидрология;

- Метеорология;

- Геодезия және картография;

- Геоинформатика;

- Экология;

- Өмір қауіпсіздігінің негіздері;

- Туризм;

- Кадастр;

- Жерге орналастыру.

Ғылым мен білімнің тығыз байланысы негізінде География және табиғатты пайдалану аясы бойынша жоғары білікті мамандарды дайындау.