Жоғары студенттер кеңесі

 


Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Жоғарғы Студенттер Кеңесі – бұл ең алдымен ҚазҰУ-дың белсенді жастары. Олардың негізгі міндеті - ҚазҰУ қалашығын гүлдендіру және жатақхана тұрғындарының тазалығын, тәртібін қадағалау ғана емес, сонымен қатар жатақхана өмірін жандандыру мақсатында мәдени іс-шаралар (спорттық, рухани, би кештері, дебаттар, ойын-сауық кештері) байқаулар ұйымдастыру. Жоғарғы Студенттер кеңесінің жастардың патриоттық рухын дамытуда, жауапкершілігі мол тұлға ретінде қалыптастыруда, өзін-өзі басқаруын жан-жақты дамытуда айтарлықтай зор үлесі бар. Аталмыш студенттер кеңесі үшін жатақханадағы әрбір студент маңызды. Өйткені, Жоғарғы Студенттер Кеңесі студенттердің жатақханаға орналасуын қамтамасыз етеді, әлеуметтік және басқа да құқықтарын қарастырып, олардың мүдделері мен мәселелерінің шешімдерін жатақхана төрағаларымен, студенттік кеңес мүшелерімен ақылдаса отырып табуға тырысады.

Жоғары студенттік кеңес танымал ғалымдармен, қоғам қайраткерлерімен, Қазақстандық эстрада жұлдыздармен кездесу ұйымдастырады, конференциялар мен әр түрлі тақырыптағы кездесулер өткізеді. Сол себепті Жоғары студент кеңесі жастардың дамуында ерекше орын алады.



Жоғары студент кеңсесінің мақсаттары:

- «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты» туралы заңын орындау;

- Университет жастары мен студенттерінің өзін-өзі басқаруын жан-жақты дамыту;

- Жатақханаларда тұратын студенттердің азаматтық рөлі мен жауапкершілігін дамыту;

- Студенттік жастардың отансүйгіштік рухын үйлесімді дамыту;

- Қоғам игілігіне студенттердің тұлғалық және интеллектуалдық, потенциалдық мүмкіндіктерін дамытуға жағдай жасау.

Ұйымның қызметтері:

- Жоғары студенттік кеңестің жоспарын құрастыру, сондай-ақ жатақхана жұмысының жылдық жоспарының орындалуын қамтамасыз ету және бақылау;

- Жатақханада тұратын студенттердің аттестациялық жұмысын жүргізуді жатақхана төрағаларынан талап ету;

- Жатақханаға студенттерді орналастыру туралы шешімнің қабылдануын қадағалау;

- Жатақханада тұратын студенттердің әлеуметтік және басқа да құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету;

- Жатақханада тұратын студенттерді жатақханадағы және университеттегі мәдени-жалпыламалық және басқа да іс-шараларға қатыстыру.