«Қазақстандық шығыстану: қалыптасуы мен дамуы» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция өтеді.

07.12.2015

Көрулер: 3849

Шығыстану факультеті Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы қолдауымен «Қазақстандық шығыстану: қалыптасуы мен дамуы» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция өткізеді.

Конференция мақсаты: Қазақстандық шығыстану мәселелерін мәдениетаралық қатынас негізінде айқындау және осы қатынастардың даму тарихын зерттеу. Сондай-ақ шығыс тілдерін оқу, оқыту мәселелерін қарастыру.

Конференция жұмысы келесі бөлімдер бойынша өтеді:

  1. Қазақстандағы шығыстану ғылымының даму барысы және оның өзекті мәселелері;
  2. Шығыс тілдері, әдебиеті мен тарихын оқытудың инновациялық технологиялары.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, араб және ағылшын

Өтетін орны: Алматы қаласы, Қарасай батыр көшесі 95а, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультеті

Өтетін уақыты: 10 желтоқсан 2015 жыл, сағат 11.00

Барлық сұрақтар бойынша мына телефондарға хабарласуға болады: +7(727) 243 83 54, +7705 500 55 95